Рецензенттер


АҚПАРАТТЫ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК



бет29/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

АҚПАРАТТЫ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Нейрохирургиялық аспаптар ең алдымен бас миы мен жұлынға ота жасағанда қолданылады. Бұл аспаптар тұтынушылар аурухана, емхана, госпиталдың нейрохирургиялық бөлімдері мен кең профильді жұмыс жасайтын хирургиялық бөлімдер.


Бас миы мен жұлынға хирургиялық манипуляциялар жасау үшін алдымен бас сүйегін немесе омыртқаны жалаңаштап алу керек. Сондықтан нейрохирургиялық аспаптармен танысу, бас сүйегін ашуға қолданылатын, яғни сүйек тініне арналған аспаптардан басталады. Ары қарай аспаптар кесуші, қысқыш және т.б. жіктелуіне сәйкес болады.
Офтальмология – көз ауруларын емдеу мен диагностикасын зерттеумен айналысатын медицина бөлімі. Офтальмологиялық аспаптар емхана, госпиталь мен ауруханалардың көз аурулары бөлімін жабдықтайды. Олардың басты ерекшелігі – көлемінің кішілігі, жұмыс істеу аймағының кішілігі мен аса нәзіктілігімен түсіндіріледі.
Оториноларингологиялық (ЛОР) аспаптар - құлақ, тамақ, мұрын ауруларын емдеу мен диагностикалауда қолданылады.
Урологиялық аспаптар. Бұл аспаптар бүйрек пен несеп шығару, несеп қабы мен диагностикалауда қолданылады. Урологиялық аспаптар ауруханалар, госпитальдер мен емханалардың тері-венерологиялық және урологиялық бөлімдерін жабдықтайды. Осы топқа жататын катетер, емдеу мекемелерінің барлық бөлімдеріне қажет. Несеп шығару өзегіне енетін көптеген урологиялық аспаптардың диаметрін белгілеу үшін Шарьер шкаласы қабылданған. Бұл шкаланың әрбір бірлігі 1/3мм сәйкес. Мысалы: 3 нөмірі белгіленген аспаптар 1мм диаметрге тең, ал 6,18 және 30 белгіленгендер сәйкесінше 2,6 және 10мм диаметрге тең.


Дальгрена тістеуігінің сапасын анықтау тәсілдері
Тексеріңіз:
а) бекіткіштің дұрыстығын;
б) реттегіш бұрама мен серіппенің дұрыстығын;
в) функционалды қасиеттерін (сүйек, 5-6 мм қалыңдықтағы пластинканы тістеу арқылы);
г) жиынтығын немесе комплектілігін (әрбір аспапқа 2 қосымша пышақ беріледі).


Бұрғының сапасын анықтау тәсілдері
Тексеріңіз:
а) басы мен қолдарының бұрғы доғасында жеңіл айналуы мен шайқалу жоқтығын;
б) патрондағы бұрғылағыш пен фрездің бекіту беріктігін;
в) функционалдық қасиеттерін (жұмысшы аспаптар мал сүйегін жеңіл тесу керек), ал кесуші жиегі жұмсарып немесе өтпес болмауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет