Өз бетімен атқаратын жұмыс:
№1 Тапсырма: Ақпаратты-дидактикалық блокпен танысу.
№2 Тапсырма: Берілген аспапқа тауартанулық талдау жүргізу. Тауарлық сараптама акт толтыру.
НТҚ-мен жұмыс істеу тәртібін талқылау. Тауарлық сараптама акт құрастыру.
Тақырып №3-4: «Арнайы медициналық аспаптар: нейрохирургиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық, урологиялық, акушерлік-гинеко-логиялық»
Мақсаты: Тауартану курсының білімдері негізінде бекітілген НТҚ-ды, материалтану, жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық, урологиялық, акушерлік-гинекологиялық аспаптардың тауартанулық талдауды жүргізуді үйрету.
Оқыту мақсаты:
Студент білу керек:
арнайы медициналық аспаптардың белгіленуі мен жіктелуін;
арнайы медициналық аспаптардың залалсыздандыру әдістерін, сапасына қойылатын техникалық талаптар және номеклатуралары;
буып-түю мен таңбалануын бағалау.
Студент үйреніп алуы қажет:
арнайы медициналық аспаптардың сапасын анықтауды және функцио-налдық қасиеттерін сынауды;
емдеу-профилактикалық мекемелеріне аспаптарды босату және сақтау тәртіптерін ұйымдастыруды;
аспаптардың залалсыздандыру, дезинфекциялау, пайдалану ерекшелік-терін біле отырып, квалификациялық кеңес беруді.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жалпы хирургиялық аспаптар дегеніміз не?
Арнайы медициналық аспаптар қандай материалдардан дайындалады?
Нейрохирургиялық аспаптар, қолдану саласы, жасалу материалдары, жіктелуі?
Нейрохирургиялық аспаптар ми сүйегін бұрғылап ашу аспаптары: коловорот, КВ-2, бұрғылар және фрезалар жинағы, сым арасы, тістеуіктер. Конструкция ерекшеліктері, фукционалдық қасиеттерін тексеру?
Офтольмологиялық аспаптарға қандай аспаптар жатады?
Оториноларингологиялық аспаптардың қолданылуы, номеклатурасы және жіктелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |