Шонанова Жулдыз Ермуратовна
Ақтөбе қаласы,
№54 негізгі мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Сабақтың мақсаты:
Қоғамдық құрылысы, тұрмысы,шаруашылығы, заттай мәдениеті, ескерткіштері туралы баяндай отырып, білімді, азамат тәрбиелеу.
Сармат тайпалары жайлы мәлімет ала отырып, олардың өзіндік даму ерекшелік терін ажыратады.
Топта жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін тыңдауға, өзгелермен ой бөлісуге дағдыланады.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақ типі: СТО
Сабақ әдістері: «Болжам жасау», «рөлдік ойын», «үш қадамды сұхбат», «ойға-ой» әдісі
Көрнекілік: интерактивті тақта, сол тарихи кезеңге арналған карта, слайдтар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сарматтар ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарында табылған? Картадан көрсет.
Савроматтар мен сарматтардың байланысы қандай?
«Сармат қоғамындағы әйелдердің орны» деген тақырыпта эссе жаз
Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.
Амазонка туралы аңыз
Жаңа сабақтың жоспары:
Қоғамдық құрылысы.
Сарматтардың қоғамдық құрылысы
|
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, мүлік теңсіздігі шықты
|
Әскери демократия жетілді
|
Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды.
|
Сарматтардың тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы
Сарматтардың шаруашылығы
|
Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты
|
Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді
|
Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті
|
Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды
|
Зергерлік өмір жоғары дамыды
|
Сарматтардың заттай мәдениеті
Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой суданы жерінен табылған аралтөбе ескерткішінен үш оба қазылған. Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдарынан басқа абыз асатаяғының бөліктері табылған.
Жаңа сабақ бастамас бұрын
Сергіту сәті: Қалпағым менің үш бұрышты
Үш бұрышты менің қалпағым
Қалпағым үш бұрышты болмас
Менікі емес қалпақ.
СТО қағидалары:
I Қызығушылықты ояту
«Болжам жасау» әдісі бойынша ұжымға:
«Бүгінгі тақырыбымыз"«Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы" Бұл тақырыпта не айтылуы мүмкін?» деген сұрақ қойылады.
Оқушылар тақырыпқа байланысты әр түрлі пікірлер айтуы мүмкін.
II Мағынаны ажырату
Төрт топқа бөлу:
«Тарихшылар»
«Жылнамашылар»
«Археологтар»
«Этнографтар»
«Рөлдік ойын» әдісі бойынша әрбір топ өз саласына байланысты мәліметтерді тақырыптан анықтап алады.
Мысалы:
«тарихшылар» - сармат тайпаларының мкай жерде мекендегенін, қандай шаруашылықпен айналысқанын айтады.
«жылнамашылар» - оларда әскери демократиялық жүйе болғанын, ерлер мен әйел құқықтарын бірдей болғанын көрсетеді.
«этнографтар» - олардағы заттай мәдениеттердің түрлерін, киімдерін, ыдыс-аяқ түрлерін айтады.
«археологтар» - сарматтар тарихын зерттеудегі қазба жұмыстарының нәтижелерінің маңыздылығын, деректерін келтіреді.
«Ойға-ой» әдісі бойынша топтардан бір оқушы алдын-ала берілген тапсырма бойынша келтірілген мәліметтерге қосымша ақпараттар қосады (Мәліметтер әр түрлі деректерден алынуы мүмкін).
III Ой толғау
«Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша әрбір топ келесі топқа сұрақ қояды:
жылнамашылар тарихшыларға, тарихшылар этнографтарға, этнографтар археологтарға, археологтар жылнамашыларға сұрақ қою мүмкін.
Мысалы: 1. Бесоба қорымынан не табылған?
2. Неге сармат қоғамы сол кезеңдегі көшпенділердікінен өзгеше болды?
3. Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде? т.б.
Қорытынды:
Сабақты бекіту:
Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?
Әскери демократияның мәні неде?
Сарматтардың әсемдік заттарын ата.
Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?
Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.
Бағалау: смайликпен бағалау, өз-өзін бағалау.
Үйге тапсырма: §2 . Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |