Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
травматология және ортопедия аспаптары мен жабдықтарының тауартанулық талдауын, номеклатурасын, тауарлық аттарын;
травматология және ортопедия аспаптары мен жабдықтарының сақталуын;
Студент үйреніп алуы қажет:
травматология және ортопедия аспаптары мен жабдықтарының жіктелуін;
НТҚ-пен жұмыс істеуін;
тауарлық түрін анықтауды;
функционалдық қасиетін зерттеуді жүргізу және сапасын анықтауды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Адамның тірек-қимыл жүйесі, құрылымы.
Сынулар, сыну кезіндегі алғашқы көрсетілетін көмек?
Гипс. Гипспен жұмыс істеу кезіндегі қолданылатын аспаптар мен бейімділік.
Транспорттық иммобилизацияға арналған заттар.
Аяқ-қол сынығын алып тастау әдісімен емдеуде қолданылатын аппараттар мен аспаптар.
Остеосинтезде қолданылатын заттар мен аспаптар.
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Травматология – қоршаған ортаның химиялық немесе физикалық факторлар әсерінен болған зақымданулар, яғни, жарақаттарды емдеу және зерттеумен айналысатын хирургия бөлімі. Жарақаттарға соғылу, жара, буынның шығуы, сүйек сынықтарын емдеуге арналған.
Сынық орны тез және дұрыс жазылуы үшін керек:
1. Сүйек сынықтарының репозициясы немесе шыққанын салу, яғни, дұрыс қалыпқа келтіру.
2. Бітіп кетуге дейін сынықтарды сол қалпында ұстау:
3. Дене буындарының белсенді қозғалысы, соның ішінде сынық орнына жақын орналасқан буындар.
Қазіргі уақытта сынықты емдеудің үш негізгі тәсілін қолданады.
1. Гипсті байламдармен емдеу.
Бұл тәсілде емдеу бір мезетте сүйек сынықтарын дәрігер қолымен немесе репозицияға арналған аппарат арқылы орнына қоюдан басталады. Сүйек сынықтары қалыпты жағдайға келгенде, иммобилизациялайтын (қозғалмайтын) гипсті байлам салу арқылы бекітеді, иммобилизациялау сүйек сынықтары бітіп кеткенге дейін тұрады. Бұл тәсіл өте қарапайым, күрделі аспаптар мен қондырғыларды керек етпейді, көп жағдайда науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі: сынған жерді толық иммобилизациялау үшін гипсті байлап кем дегенде көрші екі буынды қосып байлау керек. Соның салдарынан сүйек бітісіп және байламды шешкен кезде ұзақ уақыт бойы қозғалмаған бұлшықеттер әлсізденеді, ал буындар қозғалғыштығы кемиді. Бұл жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үшін қосымша емдеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |