Дін мәселесін дінилендіру де,
зайырлыландыру да емес, руханиландыру қажет
. Бізде осы мәселеге
қатысты біржақты көзқарастар белең алуда. Дін мәселесін
руханиландыру орнына зайырлыландыру кері нәтиже береді. Дін өлуі
мүмкін, бірақ ешқашан зайырлыланбайды. Әр құбылысқа өз табиғатына
сәйкес әдістеме қажет. Дінді руханиландыру арқылы мәңгілік идеяларға,
зайырлылық идеяларына пайдалануға болады. Сол арқылы барлық
жоғалтқанымызды түгендеп, мызғымас құндылықтар қалыптастыра
аламыз.
Дәстүрлі рухани құндылықтардың негізінде де дәл осы –
дінді руханиландыру үдерісі жатқанын ұмытпауымыз қажет
.
Зайырлылық қағидаттарын жете түсіндіру діннің рухани мәдениет
феномені екенін мойындаудың міндеттілігін тудырады. Яғни «Дін
мемлекеттен бөлінген, ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде
белгіленбейді, барлық діни бірлестіктер заң алдында тең – зайырлылық
дегеніміз осы» деген таптаурын анықтама жаһандану үдерісіне дендеп
енген қоғамды қанағаттандырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |