Реферат Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата11.01.2022
өлшемі122,82 Kb.
#111140
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәстүрлі құндылықтардың рөлі

Қазақ 

халқының 

діни-ислами 

түсініктері оның рухани-моральдық қағидаларында көрініс тапты

Осы орайда бір нәрсені ескеру қажет. Егер ислам қазақ даласына қазіргі 



радикалды ағым өкілдерінің: «Құран мен сүннеттен басқаның бәрін тәрк 

етесің,  тарихыңнан  тамырыңды  үзесің,  мәдениетіңе  балта  шабасың, 

дәстүріңді  дінсіздік  деп  танисың,  тарихың  бізден  басталады» 

деген 


агрессияшыл  ұстанымдарымен  келген  болса,  ондай  дінді 

ешбір  халық  қабылдамас  еді

.  Ислам  қазақ  жеріне  өзінің  шынайы 

болмысымен 

– 

кеңдігімен, 



ізгілігімен, 

мәмілегерлігімен, 

бейбітсүйгіштігімен және ең бастысы – тазалығымен келді. Сонысымен 

де ол ұлт болмысына сіңді, оның құндылықтар жүйесін құраған рухани 

өзекке айналды. 

Дін атын жамылып, дәстүрлі құндылықтарға сына қағып жүрген қазіргі 

жат  ағымдардың  ең  қатерлісі  –  дін  тазалығын  өздерімен  ғана 

байланыстырып,  радикалды  шетін  көзқарастарды  насихаттап  жүрген, 




қазақтың  дәстүрін  дініне  қарсы  қойып,  мұсылмандығын  жоққа 

шығарғысы  келетін  ислам  атын  жамылған  ағымдар.  Радикалды 

ағымдардың бұл бағыттағы әрекеттері мың жыл бойы халықтың өзімен 

бір  жасасып  келген,  тұрмысына,  санасына,  болмысына  сіңіп,  рухымен 

тұтасып  кеткен  дінді  қол  жетпес  күрделі  дүниеге  ұқсатып,  қилы-қилы 

тәпсірмен  түсіндіріп, 



халықтан  қасақана  алыстату  үдерісінен

 көрініс 

табуда. Исламға дейінгі жетістіктерді жоққа шығару, халықты дінсіздікке 

шақырып жүрген «тәңіршілдік» ағымы туралы жалған дақпырт тарату, 

қазақ  салт-дәстүрлері  мен  ырым-тыйымдарын  терістеу,  қабір  зияраты 

әдебін  Аллаға  серік  қосу  күнәсімен  байланыстыру,  кеңестік  кезеңді 

рухани тұлдыр дәуір ретінде таныту – осының барлығы қазақты исламға 

жаңа  кірген  ел  секілді  көрсетіп,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстүрді, 

ғұламалар  жүрген  жолды  мансұқтап, 

қазақ  руханиятының  күре 

тамырын 

қырқуға 

бағытталған 

астыртын 

арандатушы 

әрекеттер

 болып табылады. 

 

Ислам жайындағы үстірт түсініктерге, жат мәдениет ықпалына көзсіз 



еруге, радикалды идеологияның жетегінде кетуге қарсы тұра алатын 

бірден-бір күш –



біздің қазақы мұсылмандығымыз.

 Біздің қоғам ең 

алдымен өзінің мың жылдық мұсылмандық тәжірибесін – халықтың 

ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарын жаңғыртып, 

жандандырып, қоғам өміріне кеңінен енгізуі қажет. Жан тазалығына, ар 

тазалығына негізделген, сыртқы көріністегі емес, жүректегі иманды 

қасиет тұтқан ұлттық рухани құндылықтарымызға оралу, оларды 

кеңінен насихаттау арқылы 



радикалды идеологияға тосқауыл

 қоюға 


болады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет