Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі
Бала күнгі арманымның жетегіне жеткен сияқтымын. Себебі мен қазіргі таңда «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. «Мұғалім» сөзі құлағыма естілген кезде мына өлең шумақтары ойыма келеді.
Саф білімнің ақжалауын көтерген,
Ұл қыздарды сусындатар біліммен,
Мен ұстазбын алтын әріп ақмаңдай
Зілдің жүгін, елдің жүгін көтерген
Батырлық пен ұстаздық та ер егіз,
Білім жолда талай терді төгеміз
Самаладай Ыбырайдың жолымен,
Нұрға бөлеп алға қарап келеміз!
Міне. Заман ағымынан қалыс қалмай білімім мен практикамды ұштастыра отырып, болашақта бәсекеге қабілетті, білімді жас буынды тәрбиелеп шығу басты мақсат.
Қазіргі заманғы білімнің осы күнге дейінгі оқытылған білімнен қандай айырмашылығы бар? Ұшан теңіз ақпараттардың ішінен оқушыға керекті, ең негізгісін қалай бала ойына сіңіреміз? Осы себепті біздің заманымызда жаңа формациядағы мұғалім қандай болуы керек?- деген сұрақ әрбір болашақ ұстаздар қауымын ойландыратыны сөзсіз, мені де ойландыратыны осы сұрақтар.
«Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеру тиіс» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жаңартылған білім беру бағдарламасы- заманауи ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жалпы дәл осы күнге дейінгі берілген білімде барлық ақпаратты беруші де, түсіндіруші де, ізденуші де мұғалім болып табылғандығы қай- қайсымызға аян. Ал қазіргі ақпарат ағыны тасыған мына заманда басты мақсат оқушыны болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға кәсіби бағдар беріп, құзыреттілігін қалыптастыру және оқушының өздігінен ізденіп, білімді өз өмірінде пайдалана білуге жағдай туғызу болып табылады.
Ендеше, дәл осындай жаңа білім беруде жаңа формациядағы мұғалімнің рөлі қандай? Жаңа формация мұғалімі дегеніміз – қолына уақыт пен кеңістіктің байланысын ұстаған АЛЫП, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен ақылды, талантты ашқан КОЛУМБ, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін ДАНАГӨЙ, жалынды сөздері мен жастарды ерлікке жетелейтін ШЕШЕН, дүниенің жанды сұлулығын көрсететін СУРЕТШІ, жан-дүниесінің бүкіл болмысын көре білетін АДАМ. Бір сөзбен айтқанда ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқушылардың «идеалы». «Мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім» деп Ы. Алтынсарин айтқандай осы қағиданы ұстануға бел буған МЕН практикадан өту барысында өзімді болашақта жаңа формациядағы мұғалімдер қатарында болатыныма сенім білдіре аламын. Себебі балаларға деген сүйіспеншілігім мен олардың маған деген ыстық ықыласын көріп, мектептегі ұстаздар қауымының жылы лебіздері, менен керемет мұғалім шығатынын айтып, баға берген кезде менің бұл мамандыққа деген махаббатым тереңдеп, бала жүрегіне жол табуға, балалардың ой- өрісін дамытуда тың идеяларды одан әрі іздеп, нәтижесін де көрдім. Оқушыларды қазіргі қызықтыратын дүниелері- ол көбіне ақпараттық технологиялармен байланысты екеніне тағы да бір мәрте көзім жетті. Оқушыларға ішпыстырарлықтай сабақтарды өткізіп, бірде-бір әдістерді түрлендірмей жетістікке жетемін деген ой, қате екені айтпаса да түсінікті. Оқушы сіз жай ғана айтып өткен нәрселерді смартфонды бір рет басу арқылы-ақ оқып шыға алады. Сондықтан да жаңа формациядағы мұғалім оқушыларды оқуға қызықтыратын әлемдегі жаңа әдіс- тәсілдерді тиісінше қолдана білетін, білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды өз дәрежесінде пайдалана алатын, оқушыларды өзіндік тұрғысынан дамуына ықпал тигізетін, интертнет желісіндегі ақпараттарды саралай алып, сын тұрғысынан ойлауға оң бағыт беретін тұлға болуы керек.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім-түсіндіреді. Керемет мұғалім- көрсетеді. Ұлы мұғалім- шабыттандырады» дегендей. Мен өзімді жаңа формациядағы мұғалім ретінде елестете отырып, болашақта жеті модульді сабақ барысында толық қолдана алатын, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, топта жұмыс жасай білуге, білімдерін өзара бағалай білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға дағдыландыратын, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды тиісінше қолдана білетін мектептің жүрегі ретінде елестетемін. Әлем білімді қажет еткен заманда, балаға дұрыс білім беру қажет. Ал білімді арттыру- ұстаздың қолында. Дәл осы «Жастар жылында» жас мұғалімдер мен басқа мамандық иелері де жаңа идеяларымен білімге өз үлесін қосады деген сенімдемін. Ол үшін ҮЛГІ АЛ. БІЛІМДІДЕН ҮЙРЕН. ЕҢБЕК ЕТ. ІЗДЕН. ІЗДЕНДІРУ ЖОЛЫН ИГЕР. ЖАҢАЛЫҚ АШ. ТӘЖІРБИЕ АЛМАС.
Достарыңызбен бөлісу: |