«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған


-ДӘРІС. ТІК СЫРЫҚТЫҢ СОЗЫЛУ МЕН СЫҒЫЛУЫ



бет26/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   234
6-ДӘРІС. ТІК СЫРЫҚТЫҢ СОЗЫЛУ МЕН СЫҒЫЛУЫ

1.БОЙЛЫҚ КҮШ

2. КЕРНЕУ

3. ДЕФОРМАЦИЯ МЕН ОРЫН АУЫСТЫРУ

4. АУЫРЛЫҚ КҮШІ ӘСЕРІ

5. МҮМКІНДІК КЕРНЕУ. БЕРІКТІК ҚОРЫ КОЭФФИЦИЕНТІ

6. СОЗЫЛҒАН (СЫҒЫЛГАН) СЫРЫҚТАРДЫ БЕРІКТІККЕ ЕСЕПТЕУ ТҮРЛЕРІ

БОЙЛЫҚ КҮШ



Сыртқы күштердің әсерінен созылған немесе сығылған брустың кез келген көлденең қимасындағы бойлық күші деп, осы қимада пайда болатын ішкі тік кернеулердің қорытынды шамасын айтады. Бойлық күш (N) қима әдісімен анықталады. Анықтау жолын келесі мысалда көрсетейік (III.1-сурет). Брустың бойлық күшінің өзгеру заңдылығы тұрақты болатын бөлігін аралық деп атаймыз. Берілген брус екі аралықтан тұрады. Суретте аралықтар рим цифрларымен белгіленген. Бірінші аралықтың I—I қимасындағы бойлық күшті анықтау үшін, брусты осы қима арқылы жазықтықпен ойша екіге бөлеміз де, сол жақ бөлігін алып тастаймыз (III.1, б-сурет). Алып тасталынған бөліктің оң жақ бөлікке әсерін қимадан солға қарай бағытталған созушы ішкі N1 күшімен алмастырамыз. Қалған оң жақ бөлік сыртқы Р1 күші мен ішкі N1 күшінің әсерлерінен тепе-теңдік күйде болады, яғни

бұдан

Бойлық күштің теріс таңбасы, оның алғашқы алынған бағытын кері өзгерту керек екенін көрсетеді (III.1, б-сурет). Дәл осылай, екінші аралықтың II—II қимасындағы бойлық күшті табуға болады (III.1, в-сурет)



осыдан

Сонымен, кез келген қимадағы бойлық күш, қиманың бір жағында жатқан барлық сыртқы күштердің бойлық оське түсірілген проекцияларының алгебралык қосындысына тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет