.
Конструкция элементтері қызметін сенімді атқару үшін оның көлеміндегі ең үлкен кернеу қауіпті кернеуден біршама кіші болуы қажет. Бұл кернеу келесі формуламен анықталады
мұндағы [σ] — мүмкіндік кернеу деп аталып, элементтің сенімді қызмет атқару қабілетін сипаттайды; ал п — беріктік қоры коэффициенті деп аталып, мүмкіндік кернеудің қауіпті кернеуден неше есе кіші екенін көрсетеді; σқ — қауіпті кернеу.
Кейінгі кездерде беріктік қоры (п) коэффициенті әр түрлі факторлардың әсерлерін ескеретін бірнеше құраушыларға (n1,n2,n3,…) жіктеліп, келесі түрде анықталады
III.13
Құраушылардың біріншісі материалдардың механикалық сипаттамаларының, сыртқы күштердің алдын ала жобаланған шамаларынан ауытқуын ескерсе, екіншісі материалдардың алыну технологиясын, механикалық өңдеу ерекшеліктерін т. с. с., ал үшіншісі температура, қоршаған орта сияқты жұмыс істеу шарттарын ескереді. Құраушы беріктік қоры коэффициенттерінің шамалары туралы бірыңғай шешім қабылданбаған. Машина жасау өндірісінде келесі мәндері ұсынылады: п1 = 1,2...1,4, п2 = 2...3, п3 = 1...1,5.
Жалпы түрде бір коэффициентпен есептелінген конструкция элементіне қарағанда, әр түрлі факторлар жеке ескеріліп есептелінген конструкция элементтері қызметті сенімді атқарады. Пластикалық материалдардың беріктік қоры коэффициенті шамамен п= 1,5..1,8 ал морт материалдар үшін п = 2,0...3,0.
Созу диаграммасында аққыштық шегі байқалмайтын пластикалық материалдардың мүмкіндік кернеуі келесі формуламен анықталады
Бұл материалдарда беріктік шектері аққыштық шектеріне қарағанда шамамен 60...70%-тей үлкен болғандықтан, беріктік қоры коэффициенті п = 2...3.
Морт материалдар үшін созу мүмкіндік кернеуі [σ+] арқылы, ал сығу мүмкіндік кернеуі [σ] арқылы белгіленеді. Мұндай материалдардың сығуға қарсыласу қабілеті созуға қарағанда едәуір үлкен, яғни [σ--] > [σ+]. Пластикалық материалдар үшін [σ--] = [σ+]болғаңдықтан, мүмкіндік кернеу индекссіз [σ-] арқылы белгіленеді.
Мүмкіндік кернеудің дұрыс анықталуы машина бөлшектерінің қауіпсіз, сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз етуімен қатар, материалды үнемдеп тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Бірқатар материалдардың мүмкіндік кернеулері кітаптың соңындагы 4-кестеде берілген.
СОЗЫЛҒАН (СЫҒЫЛГАН) СТЕРЖЕНЬДЕРДІ
БЕРІКТІККЕ ЕСЕПТЕУ ТҮРЛЕРІ
Созылған (сығылған) стерженьді беріктікке есептеу үшін, оның көлеміндегі ең үлкен тік кернеуді материалының мүмкіндік кернеуімен салыстырады
III.14Бұл теңсіздік созылған (сығылған) стерженьдердің беріктік шарты деп аталады.
Морт материалдан жасалған стерженьдер созуға есептелгенде орнына, созылу мүмкіндік кернеуі [σ+], ал сығылғанда сығылу мүмкіндік кернеуі [σ- ] қойылады.
Пластикалық материалдардың созу мен сығуға қарсыласу қабілеті бірдей болғаңдықтан [σ+] = [σ-] = [σ].
Беріктік шартына сүйеніп, бірқатар инженерлік маңызды мәселелер шешіледі.
1. Стерженънің беріктігін тексеру. Стерженьнің беріктігі беріктік шарты бойынша тексеріледі.
Ең үлкен тік кернеу мен мүмкіндік кернеудің арасындағы айырма 5%-тен кем, не артық болмауы тиіс. Ауытқу шамасы 5%-тен асса, стержень пластикалық деформацияға ұшырауы немесе қирап сынуы мүмкін. Ауытқу шамасының 5%-тен кем болуы, стерженьді жасауға арналған материалдың артық шығындалғанын көрсетеді.
2. Стерженьнің көлденең қима өлшемдерін анықтау (жобалау есебі). Материалдың мүмкіндік кернеуі, сыртқы күш шамасы белгілі болса, беріктік шартына сүйеніп стерженьнің көлденең қима ауданын немесе оның өлшемдерін келесі теңсіздікпен анықтауға болады
3. Стерженьнің жүк көтеру қабілетін анықтау. Көлденең қима өлшемдері мен материалдың мүмкіндік кернеуі белгілі болса, берілген стерженьнің жүк көтеру қабілеті келесі теңсіздікпен анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |