Руководителю соц



бет27/30
Дата09.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#131196
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Министерство здравоохранения рк

3. тапсырма
1есеп
Диурез – тәулігіне 420 мл (олигурия)
Тығыздығы – 1011 (гипостенурия)
Нәруыз – 2,0 г/л (протеинурия)
Көру аймағында аздаған сілтілі эритроциттер (микрогематурия)
Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлі (цилиндрурия)
АҚ – 175/95 мм сын.бб. (гипертензия)
Қалдық азот – 190 мг% (гиперазотемия)
БСЖ, гиперазотемиялық сатысы.

2 тапсырма «Бүйрек патологиясының жекелеген түрлерінің патофизиологиялық сипаттамасы (жіті және созылмалы гломерулонефриттер, нефроздық синдром).»


1 тапсырма. Бүйректің шумақтық сүзілулік мембранасының иммундық зақымдануының
патогенездік сызбанұсқасын құрастыру. Сүзгі мембранасының зақымдану механизмін, негізгі дәнекерлерін, антиген-антидене кешенінің орналасуын, антигенді сипаттау.
1. Иммундық кешендік механизм (III түрі) - шумақтардың иммундық кешендермен зақымдануы.
Антигендер: эндогендік ( ЖҚЖ кезінде), экзогендік –стрептококкты жұқпа, вирустар
(В гепатиті, С гепатиті ), безгек плазмодийі, спирохеталар, кейбір өспелердің антигені ж.б.
Кешендер айналымда түзіліп, сосын шумақтарда ұсталынады → комплемент жүйесі, лейкоциттер, мезангиальдық жасушалар белсенеді → ББЗ шығарылады (оттегінің белсенді радикалдары, азот тотығы, лизосомалық ферменттер, цитокиндер, кининдер, эйкозаноидтар және т.б.)→ лейкоциттердің сіңбеленуі, эпителийдің, мезангиалды және эпителиалды жасушалардың пролиферациясы. Мезангиумда, эндотелий асты, тіректі мембрана мен подоциттердің арасында депозиттің табылуы.
2. Цитотоксиндік механизм (II түрі) – антиденелермен зақымдануы. Бүйректе ұсталынған антигендермен немесе тіректі мемебрананың антигендерімен антиденелер әрекеттеседі (катионды молекулалар, ДНК, бактерия өнімдері, агрегатталған ірі нәруыздар). Иммундық кешендер негізі тіректік мембрана және мезангиумда анықталады. → ББЗ шығарылуы (комплемент құрамбөлшектері, оттегінің белсенді радикалдары, азот тотығы, лизосомалық ферменттер, цитокиндер) → мезангиолиз және мезангиалды жасушалардың пролиферациясы, қантамырлар тромбозы және эндотелий жасушаларының зақымдануы, айқын протеинурия және подоциттердің зақымдануы.
3. Жасуша-қатысуымен өтетін механизм (IVтүрі) – сезімталдылығы жоғарылаған Т-лимфоциттермен, табиғи жендеттермен зақымдану (лимфокиндер, перфорин)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет