( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)
Зәрдің салыстырмалы тығыздығы бүйректің қоюландыру қабілетін сипаттайды, ол еріген заттардың мөлшеріне ( мочевина, несеп қышқылы, тұздар, креатинин) байланысты.
Несептің салыстырмалы тығыздығы қалыпты жағдайдан 1,002 –ден (суды артық қолданғанда) 1,035 (құрғақ тамақ қабылдағанда) дейін ауытқып тұрады. Әдеттегі тамақтану кезінде 1,018 –1,025 құрайды.
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі өзекшелер қызметінің бұзылуына байланысты.
Гипостенурия –зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі (Зимницкий сынағының барлық бөлігінде 1,018 - ден аз)
Изостенурия - зәрдің салыстырмалы тығыздығының әрқашан біркелкі, алғашқы несеп тығыздығына (1,010 –1,012) тең, бұл бүйректің қоюландыру қабілетінің мүлдем жоғалуын көрсетеді.
Гиперстенурия – несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы.
Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық көрсетілімі
Әдебиеттер
Негізгі Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579