С. Жайлауов физикалық химия



бет115/127
Дата22.11.2022
өлшемі2,46 Mb.
#159355
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127
Байланысты:
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

Сенсибилизация. Қоллоидты системаларды тұрақтандыру мақ-сатымен оларға жоғары молекулалық қосылыс ерітіндісін, олар-дың арасындагы активті белокты жиі қосады. Алайда коллоидты ерітіндіге қосылған жоғары молекулалық қосылыс мөлшері аз болса, онда кері құбылыс жүріп кетуі мүмкін, яғни коллоидты ерітінді тұрақсызданады немесе түрақтылығы төмендейді. Бұл құ-былысты Г. Фрейндлих сенсибилизация десе, Н. Песков астабилизация (турақсыздану) деп атады. Зольдегі белок бөлшектері мен макроиондары заряд белгісі әртүрлі болған жағдайда сенсибилизация өте айқын байқалады. Мүндайда бөлшектің беткі қабатына адсорбцияланған белок онын зарядын нейтралдап, ондағы ионды атмосфераның пайда болуына байланысты туындайтын тұрақты-лықты төмендетеді. Қоллоидты ерітіндідегі белоктың азғантай кон-центрациясы берік қорғаушы қабатты тудыра алмайды. Сондай-ак, сенсибилизация себебін белоктағы заряды бар ірі иондардың бірден өзімен аттас бірнеше белшектерге адсорбцияланатынымен де түсіндіреді. Мүндай адсорбция коллоидты бөлшектерді бірікті-ріп, желімдеп коятындай көрінеді.
Пептизация. Пептизация деп ұйыған коллоидты ерітіндінін қай-тадан зольге айналуын айтады. Пептизация ұю процесіне кері құ-былыс екен. Ендеше оны тұрақтандырушы ретінде де қарастыруға болады.
Пептизация тек коллоидты ерітінді ұйыған кезде, ондағы бөл-шектер құрылымын өзгертпейтін және олар бірігіп көбеймейтін жағдайда ғана жүруі мүмкін' Үйыған коллоидты ерітіндіні пепти-зациялау үшін, әуелі оны ұйыткан электролитті жуу аркылы жо-йып, сосын оған тұрақтандыргыш қосады. Бөлшектердің беткі қа-
8* 227
аролық өлиіем
64-сурет
батында потенциал анық-таушы қызметін орындай алатындай иондары бар электролиттер жиірек тұрақ-тандырғыш ретінде қолда-нылады. Оларды пептиза-циялаушы электролиттер деп атайды. Жаңадан тұн-баға түскен темір гидрокси-дін хлорлы темір көмегімен пептизациялау нақтылы зерттелген.
Пептизация құбылысын түсіндіру мақсатымен, по-тенциал кисықтарын өрнек-
тейтін әдісті пайдалануға болады. П. Ребиндер зерттеулері көрсетіп отырғандай, дамыған сольватты немесе адсорбциялы қабаттағы бөлшекер әрекеттескендегі потенциалдың қисықтарында минимум болады (64-сурет). Мұнда дамыған сольватты қабаттағы бөлшек-тер әрекеттескен кездегі потенциалдық қисықтар келтірілген, яғни осы әеркеттесу энергиясының концентрациясының әр түрлі мәнде болғандағы өзгерісі көрсетілген. Ондағы минимумдардың пайда болуы, бөлшектер аралығы өте қысқарғанда туындайтын тебіліс күшіне байланысты. Сол секілді сольватты немесе адсорбциялық қабаттар сығылғанда да тебіліс күші пайда болады екен. Сонымен коллоидты ерітінді ұйыған кездегі бөлшектердің күйі суретте көр-сетілген потенциал шұңқыры (А) арқылы сипатталады.
Коллоидты ерітіндіні ұйытатын электролит концентрациясы оны жуу салдарынан өте төмендеп кетеді де диффузиялық қабат ке-ңейеді, ал бүл қосымша тебіліске әкеледі. Егер жылулық қозға-лыстың энергиясы бөлшектердің ара қашықтығына қарай өзгеретін потенциал тоскауылынан артық болса, онда осы аралық алыста-ған сайын бөлшектер тарала келіп, пептизация жүреді. Көбінесе, пептизацияны жақсы жүргізу үшін механикалық жолмен араластыру әдісін де жиі қолданады.
XII т а р а у ҚҰРЫЛЫМДАНУ ЖӘНЕ МИКРОГЕТЕРОГЕНДІ СИСТЕМА


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет