Сабақ № Мұғалім: Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер. Сабақтың мақсаты



бет1/27
Дата10.12.2019
өлшемі3,99 Mb.
#53297
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасын тексеру: .

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

  1. Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту.

  2. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешу

БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС

1. Суреттегі мотоциклші мен велосипедшінің қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?

Бірдей уақыттың ішінде олардың жүрген жолдары бірдей бола ма, жоқ па? Неліктен?

Бұл жағдайда 60 – 16 айырмасы нені білдіреді? Межелі жерге қайсысы бұрын жетеді?




60 км/сағ

16 км/сағ


2. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр.

а) 630 км жолды жылдамдықтары 70 км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы

бұрын жүріп өтеді? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді?

Қашықтық – 630 км

1–машина – 70 км/сағ

2–машина – 90 км/сағ

630:70–630:90=9–7=2

Ж: 2–машина межелі жерге 2 сағат бұрын жетеді.
ә) Ерзат пен Азат атпен жарысты. Ерзаттың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал

Азаттың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың ара қашықтығы

неше метр болады? 1 сағаттан кейін ше?

Бір бағыттағы қозғалыс.

Ерзаттың аты жылд. – 20 м/сек

Азаттың аты. жылд. – 18 м/сек

10 секундтан кейінгі ара қашықтық – ? метр

1 сағаттан кейінгі – ара қашықтық ? метр


20×10–18×10=200–180=20 (м) – 10 секундтан кейін

(Енді 1 мин табамыз. Содан соң 1 сағатты табамыз 60:10=6, 1 сағ=60 мин)

(20×6)×60= 120×60=7200 (м) – 1 сағаттан кейінгі ара қашықтық

Ж:

б) Бір айлақтан екі кеме бір мезгілде шығып, бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң



бірінші кеме айлақтан 120 км, ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің

жылдамдығын тап.

Бір бағыттағы қозғалыс.

1–кеме қашықтығы – 120 км,

2–кеме қашықтығы – 140 км

Уақыт – 4 сағат

Әр кемнің жылдамдығы – ? км/сағ

120:4=30 (км/сағ) – 1–кеме

140:4=35 (км/сағ) – 2–кеме

Ж:

3. Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6 есе артық домбыра және домбыра мен



қобыздан 7 есе кем сыбызғы алынды. Оркестрге барлығы қанша аспап алынды?

Қобыз – 2

Екеуінен 7 есе кем сыбызғы

Домбыра – ?, 6 есе артық

Барлығы – ? аспап

І тәсіл ІІ тәсіл

1) 2×6=12 (а) – домбыра 2+(2×6)+(2×6:7)=2+12+2=16 (а) – барлығы

2) (2+12):7=2 (а) – сыбызғы

3) 2+12+2=16 (а) – барлығы

Ж:

Сергіту жаттығуларын жасау.

4. Бөлуді орында және оны тексер:

1944 : 24 =81 2150 : 25=86 2262 : 87=26 2376 : 27=88


5. 24 км 506 м х 3 73 м 50 мм + 9 м 25 мм 42 м 14 см : 43

78 т 123 кг х 5 96 т 509 кг – 48 т 765 кг 26 ц 19 кг : 27

2 м 375 мм х 8 300 км 450 м – 195 км 728 м 91 м 20 см : 32

6. Теңдеулерді шеш:

Қандай компонент белгісіз?

Белгісіз компонентті қалай табады?

5607 + х = 9004 8706 – а = 5397

х=3397 а=3309

7. Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

8. Үшбұрыштың екі қабырғалары бірдей және әрқайсысы х см-ден, ал үшінші қабырғасы

2 см. Осы үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жазып көрсет.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 9–тапсырма, шығ. тапсырма.
4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС



Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Түсіндірме мәтінмен, суретпен жұмыс.

1. Суреттегі қоян мен тазының қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?

900 – 800 айырмасы нені білдіреді? Тазы қоянды неше минутта қуып жетуі мүмкін?


900–800=100 (м/мин) Тазы минутына 100 метр артық қозғалады

500:100=5 (мин)

2. Арасы 60 км екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта жүк машинасы мен жеңіл машина

шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 85 км/сағ, ал жүк машинасыныкі 65 км/сағ.

Егер жеңіл машина жүк машинасының соңынан жүріп отырса, оны қанша уақыттан

кейін қуып жетеді?

Бір бағыттағы қозғалыс. 1–ауыл 2–ауыл

Жүк маш. – 65 км/сағ.

Жеңіл маш. – 85 км/сағ. 85 км/сағ 65 км/сағ.

60 : (85–65)=60:20=3 (сағ) 60 км

Ж:
3. Қасым 2 км ұзап кеткен Есімнің соңынан жүрді. Қасым 4 км/сағ, ал Есім 5 км/сағ

жылдамдықпен қозғалып барады. Қасым Есімді қуып жете ала ма? 3 сағаттан соң

олардың ара қашықтығы қандай болады? 4 сағаттан соң ше?
Алғашқы ара қашықтық – 2 км

Қасымның жылд. – 4 км/сағ.

Есімнің жылд. – 5 км/сағ

(5–4)×3+2=5 (км) – 3 сағаттан кейінгі ара қашықтық

(5–4)×4+2=6 (км) – 4 сағаттан кейінгі ара қашықтық

Ж:
4. Дүкенге 80 килограмдық қаптармен 45 ц 60 кг сазан және 60 килограмдық қаптармен

34 ц 80 кг табан балықтар әкелінді. Қай балық және қанша қап артық әкелінді?
Сазан – 80 кг–дық қаппен 45 ц 60 кг

Қай балық және қанша қап артық ?

Табан – 60 кг–дық қаппен 34 ц 80 кг

1) 4560:80=57 (қап) – сазан

2) 3480:60=58 (қап) – табан

3) 58–57=1 (қап)

Ж: сазан балық табаннан 1 қапқа артық.
5. Бөлуді орында және оны тексер:

2516 : 17= 2844 : 18= 3021 : 19= 5725 : 25=



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет