Сабақ 1 «Экология ғылымының дамуын мен қоғамда алатын орнын талдау»



бет18/37
Дата20.04.2022
өлшемі1,83 Mb.
#139948
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
ЭиБЖ-Практика (1) (1)

Қажетті жабдықтар: бинттер
десмургия — – жара мен сынықты таңу, байлау туралы ғылым.
Жараланғанда, зақымдалғанда, операциядан кейін әрқашан жараны ушығудан сақтау мақсатында оны жабу, қан кетуді тоқтату, зақымданған органға немесе дене бөлігіне дамыл беру қажеттігі пайда болады. Сондықтан асептика ережелерін сақтай отырып, жараны мүмкіндігінше ерте таңу қажет.
Таңудың екі-жұмсақ және қатты түрі бар. Жұмсағы: желімдік, бір байламдық бинттік, қаттысы: қалақтық, гипстік деп ажыратылады.
Желімдік таңулар негізінен сыртқы орта әсерінен қорғау үшін қолданылады. Бұл байлауларда таңу материалы түрлі желімдердің-клеоланың, коллодийдің, лейкопластырьдің көмегімен жараны айналдыра теріге жапсырады. Желімдік таңудың әдісі қарапайым: жараны бірнеше қабат дәкемен орайды, оның төңірегіне жіңішке жалпақпен клеола қабатын жағады. Дәкілік салфетканы керілген күйінде жағылған желім қабатына жапсырады және біраз уақыт ұстап тұрады-салфетка теріге тығыз жапсырылады.
Таңу материалын лейкопластырь жолағының көмегімен ұстатуға болады. Жабысқыш пластырь жолағын теріге жапсырады. Бұл таңулар берік емес, шешкенде ауырықсындырады, сондықтан сирек қолданылады.
Желімдік таңулар қарын, кеуде, мойын үстіндегі жараларға, көбіне стационарлық жағдайда қолданылады.




14 сурет. Бір байламдық таңулар: а) басқа; б) иыққа (екі орамнан); в) сүт безіне; г) қолды сүйеуге; д) сираққа; е) жамбасқа.

Бір байламдық таңу бинтпен таңу киын немесе бинт жоқ жағдайда қолданылады (14 сурет). Бір байлам санитардың табельдік мүлік қолдорбасынан пайдаланылады немесе мата үзігінен жасалады. Орамның неғұрлым ұзын жағы табаны, табанға қарсы жатқан бұрышы-төбесі, қос бұрышы-ұшы деп аталады.


Бір байламның көмегімен дененің кез-келген бөлігін таңуға болады. Басты таңуға орамалдың табанын желке тұсына салады, жоғарғы бұрышты басқа байланған ұштарынан бүгеді де, түйрегішпен бекітеді (14 а сурет). Жамбас жақты және бұйірдің жоғарғы бөлігін байлағанда ораманың жоғарғы бұрышын белді айналдыра өткізген белдікке байлайды, оның ортасын бөксеге орналастырады, табанымен бүйірдің жоғарғы бөлігін айналдырады, бүйірді айналдыра өткізген ұшын оның сыртқы бетіне байлайды (14 е сурет).
Сирақты байлағанда ораманы спираль бойынша сирақты айналдыра өткізеді, сирақ төңірегін айналдыра отырып, төменгі ұшын біршама жоғары көтеріп, түйрегішпен бекітеді. Жоғарғы ұшын сирақтың жоғарғы бөлігі төңірегінен айналдырып, оны да түйрегішпен бекітеді (14 д сурет).
Бинттік байлауларды бинттің көмегімен жүзеге асырады. Бинт орам етіп шиыршықталған ені 5-20 см және ұзындығы 5-7 метр дәке жолағын білдіреді. Дененің таңылатын бөлігіне байланысты екі әр түрлі бинттер пайдаланылады. Жіңішке бинттер (5 см дейін) саусақтарды, орташасы (7-10 см) білекті, тізені, мойынды, басты, жалпақтары (20 см дейін) кеудені, қарынды, санды таңуға қолданылады.
Бинттік танудың түрлері:
— айналдыра (дөңгелек) таңу бинттің дөңгелекті жүрістерінен тұрады, мандайға, тізенің төменгі бөлігіне, білекке таңылады;
спиральды таңу - бинттің алғашқы жүрісі айналдыра таңудағыдай орналасады, ал содан кейін спираль түрін алады, егер ұштарының қалындығы бірдей болмаса, бинтті бүгу ұсынылады;
крест түріндегі немесе сегіздік түріндегі таңу басты, кеудені бинттеуде қолданылады;
масақ түріндегі таңу крест түріндегі таңудың бір түрі болып табылады, иық буындары таңылады.
—тасбақалық таңу жартылай бүгілген буындарға қолданылады; Таңу кезінде кейбір ортак ережелерді сақтау керек (15 сурет):
Таңғыш салынатын дененің бөлігі қозғалыссыз болуға тиіс.
Бинттің ұшын оң қолымен, ал оның бастапқы тұсын сол қолымен ұстап, таңғышты салушы жараланған адамға бетімен қарап тұруы керек. Ол оң қолымен бинттің басын тарқатады да, оны жазады, сол қолымен таңғышты ұстап тұрады да, бинтті түзетеді.
Бинт бір бағытта — солдан оңға қарай таратылады.
15 сурет. Таңғышты байлаудағы бинттің дұрыс орналасуы.

Бас жараланғанда зарарсыз таңғышты ораудың ережесі


Басты таңу: Бастың шашты бөлігін жабу үшін қарапайым және сенімді таңуды — шілтерлі тақия (чепец) қолданылады (16 сурет). Бір метрге дейін жіңішке бинттің үзігін еңбекке тартады және оның ұштарын құлақтың алдынан түсіріп, тартылған қалпында ұстап тұрады. Бастың төңірегінен айналдыра (16 сурет) бекіту жүргізіп, бекітетін жеріне жеткенде (1), бинтті айналдыра тартып, қиғаштап желкеге жеткізеді (3). Бинтті желке мен маңдайға айналдырған (2-12) оны барған сайын тіктей түседі, сөйтіп, бастың шашты бөлігін жабады (16 сурет). Содан кейін 2-3 айналымнан кейін таңуды бекітеді. Байлаудың ұштарын иек астына бинтпен бекітеді.

16 сурет. «Чепец» түріндегі басты таңу.
Бастың көлемді жаралануында, оның беттегі орнына «жүген» түріндегі таңу жүргізіледі (17 сурет).
Маңдай арқылы 2-3 бекітуші айналым жасалғаннан кейін (1) бинтті желке арқылы (2) мойын мен иекке тартады, иек пен маңдай арқылы бірнеше тік жүрістер (3-5) жасалады, содан кейін бинт иектен желкеге қарай тартылады (6).
Мойынды, көмейді және иекті жабу үшін, таңу суретте көрсетілгендей етіп тартылады.


17 сурет. «Жүген» түрінде басты байлау.
Мұрын мен иекті сақпан тәрізді таңу (18 сурет). Ұзын таңғыш жалпақ бинттен немесе ұзындығы 75-80 см. мата қиындыларынан жасалуы мүмкін. Бұл тілімнің екі ұшынан оның бойынан кеседі, сонда оның ұзындығы 15-20 см орта бөлігі тұтас қалуы керек. Тілімнің кесілмеген бөлігін көлденең бағытта керекті жеріне жапсырады.
18 сурет. Сақпан тәрізді таңу:
а) мұрынға; б) маңдайға; в) иекке.

Көзді таңуды маңдай - желке тұсы арқылы айналдыра ораудан басталады.(19 сурет). Екінші айналымды желке тұсында мойынға жақын түсіреді және көз тұсынан маңдай арқылы құлақ астынан бетке шығарады. Үшінші айналым-шеңберлі, бекітуші. Одан кейінгі айналым қайтадан қиғаш, желке тұсынан құлақ, көз үстінен, маңдайға тартады және осылайша жалғаса береді. Әрбір қиғаш айналым біртіңдеп жоғары қарай ауыстырыла береді, сонысымен көз төңірегін жабады. Сол және оң көзді таңу техникасы, барлық байлаулардағы сияқты, оң көзді бинттеуде бинтті солдан оңға, ал сол көзді бинттеуде - оңнан солға қарай орауымен ерекшеленеді.
19 сурет. Көзді таңу.

Мойын, көмей немесе шүйде жараланған жағдайда айқыш таңу жасалады (20 сурет). Айналдыра жүргізілген бинт ең алдымен бастың айналасына бекітіледі (1,2), ал содан кейін сол құлақтан жоғары әрі артынан қиғаш бағытпен төмен мойынға түсіріледі (3). Одан әрі бинт мойынның оң жақ үстімен жүріп, оның алдыңғы бетін жабады да, желкеге оралады (4), оң және сол құлақтан жоғары өтеді, жасалынған жүрістер қайталанады. Таңу бинт жүрісімен бас айналасына бекітіледі.


20 сурет. Желке тұсын айқыш таңу.

Зарарсыздандырылған таңуды аяқ-қолға салу ережесі.
Аяқ-қолға әдетте зарарсыздандырылған, масақ түріндегі және айқыш таңуларды салады.
Саусақты шиыршықты таңуды (21 а сурет) білекті айналдыра байлаудан (1) бастайды, одан өрі бинт саусақ сыртынан тырнақ буынына тартылады (2), ұшынан негізіне дейін бинттің шиыршықты жүрістерін жасай отырып (3-6), жене саусақ сырты бойынша кері жүріспен (7) бинтті білекке бекітеді (8-9).
Саусақтың алақан немесе сыртқы беті жарақаттанғандағы айқыш таңуды білекке белгіленген жүрістен бастай отырып (1), одан әрі 216 суретте көрсетілгендей саусақ сыртынан алақанға тартады.
Иық пен білекті төменнен жоғары карай бинттей, бинтті ара-тұра не отырып, шиыршықты таңғышпен орайды.
Шынтақ буынына (21 в сурет) бинттің шынтақ шұқыры арқылы (2-3)жүрісінен бастап (1-3) таңады, одан әрі бинттің шиыршықты жүрісімен оларды кезегімен білекте және иықта кезектестіре отырып (6,7,10,11,13), шынтақ шұңқырында тоқтатады.


21 сурет. Таңулар.
а) саусақты шиыршықты
б) білекті айшықты
в) шынтақ буынын шиыршыкты орау

Иық буынын таңуды (22сурет) кеуденің қолтық қуысының сау тұсынан бастап (1) және зақымданған иықтың сыртқы үстінен, қолтық қуысының артынан иыққа (2), сау қолтық қуысы арқылы арқадан кеудеге (3) тартады және бүкіл буын жабылғанша бинт жүрісін қайталай отырып, бинттің ұшын кеудеге түйрегішпен бекітеді.

22 сурет. Иық буынын тану.
Аяқты зарардандырылған таңу ережесі
Табанды таңу (23 сурет) оның неғұрлым шығыңқы бөлігі арқылы бинттің алғашқы жүрісімен бастайды (1), одан әрі бинттің алғашқы оралымынан жоғары (2) және төмен (3) кезектестіреді, ал оны жапсыру үшін бинттің қиғаш (4) және сегіздік түріндегі (5) жүрістерін жасайды.


23 сурет. Табанды таңу.



Балтыр— табан буынына сегіздік түрінде таңады (24 сурет).
Бинттің алғашқы жүрісін тобықтан жоғары таңады, әрі қарай табанға (2) және аяқ басын айналдыра (3), аяқ басының сыртынан бинтті жүргізіп (4), тобық және аяқтың басы арқылы, бинттің шетін тобықтан жоғары бекітеді.
Білек пен иық сияқты тізе мен бүйірді шиыршықтап таңады.
Шеңберлі жүрістен бастап, тізе ұршығы арқылы тізе буынын таңады, тізе астындағы шұңқырда айқышталып, (25 сурет) ал содан кейін бинттің барысы жоғары-төмен ауысып отырады.
25сурет. Тізе асты буынды таңу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет