Практикалық сабақ 12. Жедел жәрдем түрлерi- конспект, пікірталас
Мақсаты: өкпені үрлеу және жүрекке массаж жасау техникасын үйрену
Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізгенше көрсету керек.
Зардап шеккеннің жағдайын толық білу қажет.
Зардап шеккен адамның әзір есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы жерге әкеліп, ыстық шәй, кофе немесе шарап беру керек.
Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып (асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек.
Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетуді бастау керек; зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-мұрнын лай-құмнан тазартып, ұртына таза орамалдан істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек; тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.
|
|
|
|
Тыныс жолдарын
судан тазалау.
|
|
Зардап шеккеннің
ауыз-мурнын тазалауға дайындық.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауыз, мурынды тазалау. «Ауыздан ауызға» дем
беру үшін ауызды ашып дайындау.
Зардап шеккенді катерге, құтқару қайығына салып жағаға жеткізгенше, жасанды дем беруді жалғастыру керек, ол үшін ауа шығарғыш немесе арнаулы демалғыш және Рубенс қабын қолдану керек. Ұйқы тамыры соқпаса тез арада жүрек сылауына кірісу керек. Жұтқан суды толығымен өкпеден шығарамын деген ой қате (орындалмайтын іс).
Зардап шеккенді етбетінен жатқызып, аяқтарын иіп, кеудені қырынан қысып (10-15 секунд ішінде) осыдан кейін зардап шеккенді арқасына аударады.
Егер тістерін аша алмаса, ауызын қолмен ашып, арнаулы санитарлық сөмкедегі жабдықтарды немесе қолда бар қатты заттарды (қасық және т.б.) қолдану керек.
Адамның ауызын саусаққа мата орап алып тазалайды. Ашу қиындаса, төмендегі жақты басу керек. Тыныс жолдарын судан тазалау үшін арнаулы сорғыш қолданылады. Өкпе ісігін күшейтпеу үшін көбігін шығарғанша тазаламау керек.
Зардап шеккенді құтқару орталығына жеткізгенше бүкіл шараларды жалғастыра беру керек. Аса бір қателік — жасанды дем беруді тоқтату. Зардап шеккеннің уақытша дем алуы, оның толық қалпына келуі емес, сондықтан ессіз болса да, өкпенің ісігі болса да жасанды дем беруді жалғастыру керек. Жасанды дем беру желісін, демалуы 1 минутта 40 рет соғып, денесі көгере бастаса да жасау керек.
Көмекті тезірек, үзбей, уақытымен көрсетуді әруақытта есте ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |