АВСDЕҒ үшбұрышты призманың бетінде жатқан М нүктесінің фронталь проекциясы М1 бойынша горизонталь проекциясын табуды пайымдайық (82, а-сурет). М1 нүктесін бастыра вертикаль байланыс сызығын жүргізсек, екі нүкте табамыз: М2және М2 (82, ә-сурет). М1 нүктесі фронталь проекциясы болатын нүкте призманың АВЕҒ және АСDҒ жақтарының біреуінде жатуы мүмкін. Егер М нүктесі призманың АВЕҒ жағында жатса, оның горизонталь проекциясы М2 нүктесі, ал М нүктесі призманың АСDҒжағында жатса - М2 нүктесі болады. Бірінші жағдайда М нүктесінің фронталь проекциясы көрінетін нүкте болса, ал екінші жағдайда – көрінбейтін нүкте. Призманың бүйір беті ВСDЕ төртбұрышында жатқан N нүктесінің фронталь проекциясын оның горизонталь проекциясы N2 бойынша анықтауға болмайды (82, а-сурет). Өйткені нүктесі N2 - 1, 2 және олардың аралығында орналасқан нүктелердің ортақ проекциясы (82, ә-сурет). N2 нүктесі сол көп нүктелердің қайсысының проекциясы екені айтылмаған.
Цилиндр бетінде жатқан нүктелердің проекциялары туралы да осыны қайталауға болады (83-сурет). Фронталь проекциясы М1 нүктесі болатын цилиндр бетінде жатқан нүктенің горизонталь проекциясы М2(егер М нүктесінің фронталь проекциясы көрінетін болса) немесе М2 (егер М нүктесінің фронталь проекциясы көрінбейтін болса) нүктелерінің біреуі болады (83, ә-сурет). Ал горизонталь проекциясы N2 нүктесі болатын цилиндр бетіндегі нүкте фронталь проекцияда анықталмайды.