Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет30/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
қиық конус алынады (88-сурет). 88, а-суретте конустың фронталь, горизонталь проекциялары және қиюшы жазықтық көрсетілген. Жазықтық конусты кішкене конусқа және қиық конусқа бөледі (88, ә-сурет). Қиық конустың проекциялары 88, б-суретте келтірілген. Оның фронталь проекциясы - теңбүйірлі трапеция, ал горизонталь проекциясы бір центрден жүргізілген екі шеңберден тұрады. Бұл шеңберлердің диаметрлері трапецияның табандарына тең.

Техникада конус тәрізді тетікбөлшектерді жасауда және олардың сызбаларын салуда конустылық деген ұғым пайдаланылады. Конустылық деп қиық конус табандарындағы шеңберлердің диаметрлерінің айырымын оның биіктігіне бөлгенде шығатын бөлшекті айтады. Конустылықты К, қиық конустың үлкен диаметрін D, кіші диаметрін d және биіктігін L әріптерімен белгілесек, мына өрнекті аламыз:

К = .



Сызбада конустылық “” сияқты жазумен белгіленеді. Бұл жазу не конустың осьтік сызығының үстіне оған параллель (88, б-сурет), не оның осіне параллель болатын шығарма сөреге жазылады. Таңбаның сүйір бұрышын конус төбесіне

қарай бағыттайды. Мысалы, қиық конустың үлкен диаметрі D=40, биіктігі L=30

және конустылық К=1 : 3 берілсін. Қиық конустың кіші диаметрін шығарып алуға

болады. Шынында да  = өлшем бірлігі. Шарды жазықтықпен қиғанда қима



дөңгелек болады. 89, а-суретте берілген шарды горизонталь а жазықтығымен

қияйық. Шардың а жазықтығынан жоғарғы бөлігін алып тастағаннан кейін қалған

бөлігінің проекциялары 89, ә-суретте салынған.



Жаттығулар орындайық.

1. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған төртбұрышты призманың профиль проекциясын сал (90, а-сурет).

2. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын тұрғыз (90, а-сурет).

3. 90, б-суреттегі қиық пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын тұрғыз.

4. 91, а-суретте берілген қиық цилиндрдің горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын сал.

5. Табаны фронталь жазықтықта орналасқан киық конустың фронталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын тұрғыз (91, а-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет