Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


моноциттерімен фагоциттелуін зерттеу



бет33/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

моноциттерімен фагоциттелуін зерттеу.

Әдісі: Теңіз тышқанының құрсақ қуысына, асептикалык қабыну туындататын, зарарсыз дандырылған ет-пептондык сорпа ерітіндісін енгізеді. Құрсақ қуысы экссудатында көптеген макрофагтар жиналып қалады. Бір тәулектен кейін, қабыну дамыған соң, теңіз тышқаның іш қуысына тауық эритроциттерін енгізеді. Артынан іш қуысынан 1 мл-дей эксудатты шприцпен сорып алады да, одан әйнекке жағынды жасап, Романовский-Гимзе әдісмен бояйды. Бұл жағындыны микроскоптын кішкене және үлкен үлкейтулері арқылы зертейді. Тауық эритроциттері теңіз тышқандарының моноциттермен фагоциттелінеді.


5 тапсырма: Ситуациялық есепті шешу

1. Мекеменің медициналық пунктіне автоклавтың жарылу оқиғасынан кейін балтырлары күйген екі жұмысшы қаралды. Олар бас ауыруына, күйген жерлерінде домбығу мен күйдіретін ауыру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: жарақаттанған А-ның балтыры қызарған, балтыр терісі ісінген, жарақаттанған Б-да ол белгілерден басқа көпіршіктер, оның іші мөлдір сұйықтыққа толған. Екі жарақаттанушы да еңбекке жарамсыздық қағазын алған және емделу қажеттігі туралы ұсыныс алды, бірақ орындамады. 3 күннен соң А-ның жағдайы қалпына келді, Б-ның жағдайы күрт нашарлады: күйген жерлерде көптеген іріңді (бактериологиялық алтын түсті стрептококк табылған) көпіршіктер пайда болып, ауыру сезімі күшейіп, ісіну жайыла түсті. Дене температурасы 38,9 ◦С.

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай және қай дерттік үрдіс дамыды? Қабыну сипатын анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?

2. бірдей жайтпен тудырылған дерттік үрдістердің әртүрлі өтуінің себебі қандай?

3. жарақаттанған Б-да белгілердің даму тетіктері қандай?

4. жарақаттанған Б-да жұқпалы емес зақымдаушы агент іріңді көпіршіктерді дамытты?
2. Науқас қолының ауырып, тез шаршағыштығына және ұйқышылдыққа шағым жасады. Температурасы 38,3оС. Дәрігер қарап тексергенде сол қолының бас бармағы тырнағының көлемінің ұлғайып домбыққаны байқалды, қызарған және басқан кезде ауыру сезімі анықталды. Қанда солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз (15х109 /х), ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы нәруыз - 77 г/л, альбумин/ глобулин коэффициенті-0,9, С - әсерлі (СӘН) нәруыз жоғарылаған.


    1. Дерттік үрдіс пен организмнің реактивтілік жағдайын сипаттаңыз.

    2. Жергілік қабыну үрдісінің көрінісін анықтап, оның патогенезін түсіндіріңіз.

    3. Қабыну үрдісінің жалпы белгілерін атап көрсетіңіз олардың патогенезі қандай?

6 тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ



Тігінен:

1.Бронхтың қабынуы.

2. Қабыну медиаторлары арахидон қышқылының циклооксигеназды жолмен тотығу өнімдері.

3. еттің қабынуы

4. Калмекреин –кинин жүйесі белсенділігінде гуморалды жолмен түзілетін (пайда болтын) медиаторлар

5. Негізінен жасуша элементіөсіп-өсуіне байланысты қабыну құрылымы (компоненті)

6. Мес жасушаларының дегрануляциясында пайда болатын қабыну медиаторы.

7. Лейкоциттердің эндотелимен әлсіз байланыста болуын қамтамасыз ететін молекулалар тобы (жанұясы)

8. Қабыну ошағына қан тамырынан лейкоциттердің шығуы

9. Қабыну ошағына нәруыздармен бірге қан сұйығының шығуы

10. Қалқанша бездің қабынуы

11. Тіс жетінің қабынуы

12. Пролиферация тежегіштер

13. Бүйректің қабынуы



Көлденеңнен:

1.Плевраның қабынуы

2. Өкпенің қабынуы

3. Қабыну ошағына алғаш шығатын лейкоциттер

4. Бронхылардың қабынуы

5. Артерияның қабырғасының қабынуы

6. Қол саусақтарының қабынуы

7. Лейкоциттердің эндотелий қабырңасына берік жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулалар

8. Жүрек етінің қабынуы

9. Арахидон қышқылынан түзелетін (шығуын) қабыну медиаторлар тобы

10. Жедел қабынудағы қан тамыр өзгерістерінің бірінші сатысы

11. Тілдің қабынуы

12. Қабынудың қан тамырлық өзгерістерінің реакциясының соңғы сатысы

13. Жасуша дәнекер тіндер, жүйке тармағының аяқтарының зақымдануы негізінде дамитын қабыну компоненті

14. Қабынудағы стаздың бірінші сатысы.

15. Қабынудағы физика –химиялық өзгерістер

16. Жасуша өнімі ретінде жаңадан (de Novo) синтезделетін (түзелетін) қабыну метиаторлары

17.Аарахидон қышқылының негізінен липоокситеназды жолмен тотығуынан пайда болатын қабыну метиаторлары

18. Ж.йке қабынуы

19. созылмалы қабынудың негізгі жасушалары

20. Мұрының ішкі қабатының қабынуы

21. Қуықтың қабынуы.



ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 27-44

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 242-268.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 111-116.

  6. Есембаева с.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта.– Алматы, 2010., с.49-57

  7. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.141-177

  8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 - 228

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 207-234.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.

  3. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354

  4. Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.

  5. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87

  6. Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 110 -128
15 тақырып. ҚЫЗБА

Сабақтың мақсаты:


  1. Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру

  2. Теориялық материалды қызбамен байланысты клиникалық жағдайлар мен ситуацияларды патофизиологиялық сараптағанда білімін қолдану

  3. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу дағдысын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • қызбаның этиологиясын, патогенезін, қызба организмдегі маңызын білу

  • медициналық атаусөздерді теориялық материалды талдағанда колдануды үйрену

  • температуралық сызықтардың түрлерін ажыратуды үйрену

  • ерте постнатальды кезеңде қызбалық серпілістердің ерекшеліктерін зерттеу

  • теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда және ситуациялық үлгілерді сараптағанда қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.

  2. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.

  3. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.

  4. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Температураны түсіруге бағытталған емнің патофизиологиялық қағидалары, Пиротерапия туралы түсінік

  5. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері

  6. Қызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер.

  7. Қызбаның гипертермиядан айырмашылығы.

  8. Қызба кезінде ауыз қуысы шырышты жағдайы мен сілекей бездері қызметінің өзгерістері


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, мультимедиялық көрсетіліммен жұмыс, үлгілерді талқылау, ситуациялық есептер шығару, кестелерді толтыру.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, үлгілерді, есептерді, кестелердің толғандығын тексеру, тест жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет