Сабақ аяғындағы көңіл күйді көрсету. Жүргізуші: Тренингті бастамас бұрын, танысып алайық, «Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру»



бет2/8
Дата06.02.2022
өлшемі31,09 Kb.
#80660
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ата аналарға тренигтер

«Менің бақытты отбасым»
Мақсаты: Бала жанұясы мүшелерін бір- бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Қатысқандар: Ата- аналар
Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа технология, презинтациялар.
Кіріспе сөз: Қымбатты ата- аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.
І.Танысу.
Амандасу
Психологиялық жаттығу:«Үй»
Қажетті құралдар : А4 парағы, қарандаш
Өтілу барысы: Ата – аналарға ақ парақ пен қарандаштар беріледі.
Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. ( Өз отбасыларын таныстырады)
Психолог: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық
ІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет