оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарының мағынасын түсіну;
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарының мағынасын түсіну Оқушылардың басым бөлігі:
Ықтималдықтар теориясымен, статистика, бас жиынтық, іріктеме, статистикалық қорытынды ұғымдарымен танысу
Кейбір оқушылар:
Ықтималдықтар теориясымен, статистика, бас жиынтық, іріктеме, статистикалық қорытынды ұғымдарымен танысу
Жетістік критерийі
Ықтималдықтар теориясымен статистикалық қорытынды ұғымдарымен танысады
4. Екі бұрыштың тригонометриялық функциясының қосындысы мен айырымының формулалры
5. Тригонометриялық функциялардың екі еселенген және жарты бұрышының формуласы
Интерактивті тақта
Оқулықтар
Ортасы
Жаңа сабақ
«Джигсо» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгеру 1-топқа. Ықтималдықтар теориясына кіріспе
2-топқа. Статистика
3-топқа. 1,2-мысал
Ықтималдықтар теориясы - кездейсоқ жағдайлардың пайда болу заңдылығын зерттейтін математиканың бөлігі.
Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің темекі шегудің денсаулыққа зияны туралы ескертуін күнделікті өмірде темекі қорабының сыртында, жарнама тақтасында және тағы да басқа жерлерде жиі кездестіреміз. Бұл жазба қай уақытта және қашан пайда болған? Мұндай қорытындыға дүниежүзінің дәрігерлері темекі шегетін адамдардың денсаулығын бақылап, талдау жасауының нәтижесінде келген.
Статистика – мәліметтерді жинау және талдау ғылымы. Ол адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Статистиканың негізгі бөлігі өте үлкен объект жиынтықтарын сипаттау қажеттілігімен байланысты. Мұндай жиынтықты бас жиынтық деп атайды. Бас жиынтық, мысалы, Астана қаласының тұрғындары, теледидар шығаратын зауыттың айлық өнімі, мектеп оқушылары, болуы мүмкін.
Адамдардың белгілі бір бөлігіндегі қандай да бір адамдар тобына қарастырылып отырылған құбылыстың қалай әсер ететінін анықтап, қорытынды жасауға болар еді. Зерттеу үшін кездейсоқ таңдап алынған бас жиынтықтың бөлігі таңдау деп аталады. Барлық жиынтыққа жасалған таңдаудың зерттеулерінің жалпылау процесін статистика қорытындысы деп атаймыз.
1-мысал. Кезекті топтамадағы 1000 данадан тұратын шамның сапасын анықтау керек болсын. Ол үшін кездейсоқ 100 шам таңдалып, тексеріледі. Бұл шамдардың сапасы тексеру және талдау нәтижесі бойынша анықталады.
2-мысал. Технолог тұтұнушыға жіберілетін консервілерінің дайындалу сапасын тексеру керек. Егер ол барлық консервіні біртіндеп ашатын болса, онда тұтынушыға не қалады? Сондықтан технодог бірнеше мың топтамадан кездейсоқ таңдап алынған 100 консервіні ашып, олардың сапасын анықтап, өнімді жіберуге рұқсат береді.
Жұптық жұмыс
Тапсырмалар:
1. Тасбақа сөйлей бастады.
2. Келесі аптада ауа райы бұзылады.
3. Бейсенбіден кейін жұма.
4. Жұмадан кейін жексенбі.
5. Күн жерді айналып жүр.
6. Анасы баласынан үлкен.
7. Сабаққа саған төрт қояды.
8. Паралель түзулер қиылыспайды.
Жағдайлар
1
2
3
4
5
6
7
8
Ақиқат
Мүмкін
Мүмкін емес
Сабақты бекіту Блиц-сұрақтар:
1. Оқиғаның ықтималдығы дегеніміз не?
2. Ықтималдық теориясы нені зерттейді?
3. Осы теория негізінде қандай ғылым пайда болды?
4. Таңдаудың бас жиынтықтан қандай айырмашылығы бар?
5. Статистикалық қорытындының практикалық мәні неде?
Оқушының өзін–өзі бағалау парағы
Оқушының аты жөні:
Күні:
№
критерийлер
Бағалау түрлері
Толық
2
Жартылай
1
Мүлдем жоқ
0
1
Үй тапсырмасын орындадым
2
Сабақтағы белсенділігім
3
Тапсырманы түсініп, талдай алдым
4
Тест тапсырмасын орындай алдым
5
Тақырыпты меңгеруім
Сергіту сәті
«Балапандар биі» атты жаттығу жасау
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
Соңы
Қортындылау
Оқушылардың алған білімдерін қолдана білу және жинақтау үшін «Синквейн» әдісін қолданады.
1.Зат есім./1сөз/
2.Сын есім./2сөз/
3.Етістік./3сөз/
4.Сөйлем.
5.Синоним сөз – жазыңдар дейді
Бағалау
Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары
Бағалау парақтарын таратады
Бір-* бірін бақғалауды қадағалау
Топты бағалау
Өзін өзі бағалау
Рефлексия
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
Ұсынылған стикерді толтыру
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?