7. Қажетті сөзді көрсетіңіз. Укажите необходимое слова.
Табыс табу үшін ол өмір бойы қайнатылған ... жеп өткен.
А) картоп пен пияз
Ә) сәбіз бен құрма
Б) жұмыртқа
В) ет пен балық
Г) жүгері
Тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.
Арман, "Forbes" журналы жыл сайынғы үрдiс бойынша, әлемдегi ең бай адамдардың тiзiмiн жарияла+ған көрінеді.
Солай ма? Биылғы жылы бай адамдар қатарын қай ел толтыр+ған е+кен?
Бірінші орында АҚШ, екінші орында Ресей, үшінші орында Германия.
Немістер алты жылдан бері екінші орында емес пе еді?
Иә, биыл олардың орнын ресейліктер бас+қан сияқты. Былтыр 53 болған ресейлiк миллиардерлер биыл 87-ге көбей+ген.
"Forbes" журналының бас редакторы Луиза Кролл емес пе?
Иә, Луиза Кролл. Ол: "Бiр таңғаларлығы, ресейлiк миллардерлер өз күштерiмен таныл+ған. Байлыққа қалай қол жеткiз+генi туралы жарияға жар салудың қажетi жоқ, бiрақ олардың ешқайсысына мол байлықты әкесi мұраға қалдырма+ған" депті.
Шындығында солай емес пе?
Солай екені рас қой. Дүниеге моральдық құндылықтар талғамымен қарасаң, өзіңді жайсыз сезінесің. Біреулер байлыққа белшесінен батып өмір сүріп жат+қанда, екінші біреулер жоқшылықпен күн кешетіні өкінішті.
Достым, қоғамның өзі осындай әділетсіздіктен тұрмай ма?
Иә, қабылдау қиын болса да, өмірдің шындығы осы.
Диалогты сұраулы сөйлемдермен толықтырыңыз. Дополните диалог подходящими вопросительными предложениями.
...?
- Бірінші орында АҚШ, екінші орында Ресей, үшінші орында Германия.
- …?
- Иә, биыл олардың орнын ресейліктер бас+қан сияқты.
- …?
- Иә, Луиза Кролл.
- ...?
- Солай екені рас қой.
- …?
- Иә, қабылдау қиын болса да, өмірдің шындығы осы.
|