Немістер алты жылдан бері екінші орында емес пе еді?
"Forbes" журналының бас редакторы Луиза Кролл емес пе?
- Достым, қоғамның өзі осындай әділетсіздіктен тұрмай ма?
Биылғы жылы бай адамдар қатарын қай ел толтыр+ған е+кен?
Шындығында солай емес пе?
12-АПТА.
1-САБАҚ.
Грамматикалық тақырып: Біріккен сөздер
Лексикалық тақырып: Біріккен ұлттар ұйымы
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз
БҰҰ – жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. БҰҰ 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. БҰҰ-ның Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың қазанында күшіне енді.
БҰҰ мына мақсаттарды көздейді:
- Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту;
- экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамыту мен қолдауда әріптестікті жүзеге асыру;
- ұлттардың осы мақсаттарға жету жолында үйлестіруші орталық болу;
БҰҰ келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді:
- оның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі;
- олардың мойнына алған барлық халықаралық міндеттеме-лерді адал орындауы;
- олардың арасында туындайтын халықаралық дау-жанжал-дарды бейбіт жолмен шешу,
- басқа мемлекеттерге қарсы күш қолданбау немесе күш қолданам деп қоқан-лоқы көрсетпеу.
БҰҰ оған мүше емес барлық мемлекеттердің осы принцип-терді ұстануын талап етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітші-лік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Кез келген бейбітшілік сүйгіш, БҰҰ-ның Жарғысын мойын-дап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет БҰҰ-на мүше бола алады.
БҰҰ-ның ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік кеңесте, экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды.
БҰҰ-ның құрылымы алты басты органнан тұрады. Олар: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік кеңесі (ҚК), экономикалық және әлеуметтік кеңес, халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес және Секретариат.
Достарыңызбен бөлісу: |