Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан



бет1/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#79660
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Мазмұны
Тілдік мақсаттар туралы 8


Орта мерзімді жоспар 10

  1. А бөлім Өзім туралы 10

  2. А бөлім Менің отбасым және достарым 16

  3. В бөлім Менің мектебім 23

  4. В бөлім Туған өлкем 30

  5. С бөлім Дені саудың – жаны сау 39

  6. С бөлім Салт-дәстүр және фольклор 46

  7. D бөлім Қоршаған орта 55

  8. D бөлім Саяхат 62

Қысқа мерзімді жоспар 69
Сабақ жоспары 69



2
Пән: Көркем еңбек 2-сынып



1 -тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1-бөлім – Өзім туралы

3-бөлім – Менің мектебім

5-бөлім – Дені саудың-жаны сау

7-бөлім – Қоршаған орта

  • Қағаз, қатырма қағаз немесе матадан

ойыншық/қуыршақ жоспарлап жасау үшін, идеяны зерделеу және дамыту.

  • Қозғалысқа келтіретін механизміне, жасалу материалдарына назар аудара отырып, әртүрлі ойыншықтар мен қуыршақтардың түрлерін зерттеу.

  • Ертегілер мен әңгімелердің кейіпкерлерін негізге ала отырып ойыншықтар мен қуыршақтарды жасау.

  • Материалдар мен компоненттерді және оларды біріктіру, қиыстыру тәсілдерін ажырату.

  • Материалдарды зерттеу: қағаз, қатырма қағаз, ермексаз және онымен жұмыс істеуге арналған құралдар.

  • Бірдей бөлшектер жасау үшін, үлгіні қалай қолдану керектігін түсіну.

  • Қарапайым ойыншықты/қуыршақты жобалау және жоспарлау.

  • Өз ойыншығын/қуыршағын

  • Мұқабаның қызметі, кітап баспасының тарихы туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Сабақ және барлық бөлім барысында өз жұмысын жоспарлау.

  • Кітаптың парақтарын қозғалмалы суреттермен жасау.

  • Ашылмалы механизммен және слайдермен жұмыс істеу білімдерін қалыптастыру.

  • Өз жұмысын аяқтай отырып, жеке парақтарды біріктіру.

  • Қарапайым механизмдердің кітапта қалай жұмыс істейтінін және олардың қызметін зерттеу.

  • Біріктіру және үйлестірудің тиімді әдістерін анықтай және салыстыра отырып, материалдар, компоненттер, құралдар қатарын зерттеу.

  • Жобалау және жоспарлау дағдыларын жалғастыру.

  • Материалдар және құралдармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Қозғалыс кезіндегі адам денебітімі бейнесінің ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Геометриялық пішіндер арқылы адам денебітімінің аппликациясын жасау.

  • Қозғалыс кезіндегі адамдардың мүсінін мүсіндеу.

  • Қозғалысты түс пен сызық арқылы көрсету және адамның қозғалысы туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Салауатты өмір салты туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Адамның денсаулығын сақтау әдістері туралы плакат жасау.

  • Өз жұмысын жоспарлау барысында дербестікті дамыту.

  • Табиғаты мен қасиетіне сүйене отырып, таныс материалдарды қолдану.

  • Табиғи бейнелер негізінде өз идеяларын дамыту және ұсыну.

  • Материалдар және құралдармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Суретті қарындашпен өңдеуді қолданып, бәйшешектің суретін салған кезде пастельдің ерекшеліктерін зерттеу.

  • Бүктеу сызықтарын анықтай отырып, оригамидің сызбасын меңгеру дағдысын қалыптастыру.

  • Оригами техникасында гүл жасау.

  • Әртүрлі материалдардан жарқырауықтарды құрастыру.

  • Құстардың денесінің кейбір бөліктерінің құрылысы туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Қоршаған ортадағы таныс пішіндер мен бейнелерді анықтау.

  • Жаңа материалдардың табиғаты мен құрамын зерттеп жұмыс істеу.

  • Сыртқы бейнені жақсарту үшін, өңдеудің қарапайым әдістерін қолдану.

  • Артықшылығы мен кемшілік тұстарын анықтай отырып, өз жұмысына пікір айту.

1 -тоқсан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет