(С) Сұрақтар қойыңыз: «Сен бәйшешекті сала аласыңба»? «Оларды салу үшін сен қандай материалды пайдаланар едің»? Өз таңдауларын түсіндіріп беруді сұраңыз. (С, Ж, Т) Оқушыларға пастель туралы айтыңыз. Оларға пастельмен тәжірибе жасап көруін ұсыныңыз. Оқушылар альбомның бетінде пастельмен сурет салады, пастель борының (қарындаштың) әр қырымен сызықтар жүргізеді де, оны ысқылайды. «Сабақта қандай пастельмен жұмыс жасар едің?», «Пастельмен сурет салудың ерекшелігі бар ма?», «Егер пастельді саусақтың ұшымен үйкелесе, не болады?»деген сұрақтар қойылады.