Сабақ тақырыбы. Әлеуметтік басқару теориясының қалыптасуы, қағидалары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата14.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#126512
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
downloadPdfUmkd (2)

Қорытындылай  келсек, 

Қазақстандағы  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  қазіргі  кездегі 

дамуы оның алғашқы сатыдан әрі қарай айтарлықтай қозғала қоймағандығын аңғартады. Сол 

себепті  Қазақстанда  шынайы  жергілікті  өзін-өзі  басқару  институты  қалыптаса  қойған  жоқ. 

Оның басты себептері мыналар: 1) билік басындағылардың жергілікті өзін-өзі басқаруға деген 

немқұрайлы қатынасы; 

2)

 

жергілікті  өзін-өзі  басқару  институтының  тұрғындардың  мәселелерін  шешудің  тиімді 



құралынан гөрі билікке «демократиялық бейне» жасаудың құралына айналуы; 

3)

 



тұрғындардың өзіндік ұйымдасу дағдысының толықтай өмір шындығына айналмауы. 

Сонымен қатар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруда жүйелік пен кешенділіктің 

жоқтығы  саяси  өмір  шындығына  айналып  отыр.  Ал  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың 

конституциялық  мәртебесінде  екі  жақты  пайымдауларға  жол  берілуде.  Конституциялық 

мәртебенің  шикілігі  жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы  арнайы  заңның  жоқтығымен 

қосылғанда  аталмыш  сала  бойынша  мәселелердің  үлкен  шоғырын  қалыптастырды. 

Мәслихаттар  мен  әкімдердің  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  ретінде  мойындалуы  тек 

мәртебе  тұрғысынан  өзгерістер  әкелді.  Құзыреттердің  конфигурациясына  айтарлықтай  әсер 

етпеді.  Әкімдер  қос  қызметтілік  жағдайында  халық  еркінен  дербес  болып  қалуда.  Сонымен 

қатар  мәслихаттар  мен  әкімдер  қызметтері  жаңа  жағдайда  жіті  талқылаудан  өтпеді. 

Мәслихаттардың сайлануы мен әкімдердің тағайындалуында айтарлықтай өзгерістер болмады. 

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары міндеттерінің нақтыланбауы да ахуалды күрделендіріп 

отыр. 

 

Әдебиеттер: 



1.

 

Дуракова И.Б. Управление персоналом.- М.,2002. 



2.

 

Кафидов В.В. Управление персоналом. – М,, 2004. 



3.

 

Социальный менеджмент. – Учебник/под ред. С.Д.льенковой. – 1998. 



4.

 

Социальная защита населения : опыт организационно – административной работы. 



Уч.пос.- М., 2003. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет