Жаңа сабақты түсіну.
Жұптық жұмыс.
Тапсырма 1.
Сабақта мұғалім Бижанға xy – xz өрнегінің х, у және z-тің берілген мәндеріндегі мәнін табуды ұсынды. Мұндағы x=2,3, y=0,8, z=0,2.
Бижан өрнектің мәнін табу үшін төмендегідей үш амал орындады.
xy – xz=2,3 0,8 – 2,3 0,2=1,84 – 0,46=1,38.
Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?
Ал сіздер өрнектің мәнін қалай табар едіңіздер?
Берілген өрнектің мәнін екі амал ғана орындап, қалай табуға болады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдалады. Дер кезінде кері байланыс беріледі. Өткен сабақта ұқсас қосылғыштарды біріктіргенде, жақшаларды ашу сияқты түрлендірулерді орындағанда теңбе-теңтүрлендіру жасағандары айтылады. Өрнектерді теңбе-тең түрлендірулер өрнектердің мәндерін есептеп шығарғанда және басқа да есептер шығарғанда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |