30. «Блум таксаномиясы» әдісі- Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы
- Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар.
Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)