Білімділік: ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ барысында одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылығын ояту
Біздің планетамыз жер - мөлдір ауа қабатымен қоршалған. Ауа - жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Өзіміз оны әдетте байқамаймыз. Алайда ол кенет жоқ болып кетсе біз бірнеше секундта тіршілік ете алмас едік. Адам өміріне ең қажетті ауа дедік.
Сондай – ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады. Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз Ал климат – бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді. Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Білімділігі. Тақырып мазмұнын меңгерту. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.
2. Дамытушылығы. Оқушыларға ауа жайында ғылыми түсінік беру.Қорытынды шығара білу қасиетін, шығармашылық ізденістерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру, тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа)
Ауа туралы не білеміз?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Жер шарының айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Ол-жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Адам үшін ғана емес, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне де ауа қажет. Ауа жерді күндіз қатты ысып, түнде қатты суып кетуден сақтап, зиянды күн сәулелерінен қорғайды. Күн сәулелері ауа қабатынан өткенде, зиянды заттардан тазартады.
Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78 / - ы азот, 21 / - ы оттегінің үлесінде.
Сергіту сәті
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Ауа туралы не білеміз? Мұрнымызды қысып дем алайық (тұншығамыз). Яғни ауамен демаламыз.