Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім- кітапта, әр пәнді жақсы оқуда.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.