1. Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 211 г жүктің тербеліс тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?
2. Ай бетіндегі ұзындығы 100 см математикалық маятниктің тербеліс жиілігі неге тең? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62 м/с2
ІІ- деңгей
1. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасы неге тең?
2. Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?
ІІІ- деңгей
1. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?
Эксперименттік тапсырма
II- топ
Қатаңдықтары бірдей екі серіппені тізбектей жалғап, серіппелік маятниктің тербеліс периоды серіппенің қатаңдығы мен жүктің массасына тәуелді болатынын анықтаңыздар.
III - топ
Ұзындықтары әртүрлі маятник берілген. Қай маятниктің бірлік уақыт ішінде тербеліс периоды көп болатындығын анықтаңыздар.