Сенің басқаларға қайырымды іс жасаған кезің болды ма?
Сұрақ –жауап(пікірталас)
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма:«Жәрдем камитеті»мәтінін оқып, жалпы- адамзаттық құндылықтар тұрғысында талдау;
2-тапсырма: «Бір қайырымдылық – ағаш өсіру» мәтінін оқып, өз өмірлеріңнен қайырымдылыққа бағытталған оқиғаларың туралы ой-толғау жазу.
3-тапсырма:«Бір қайырымдылық – шөлге су шығару» мәтінін оқып, өздерің атқаратын қайырымдылық істеріңді ортаға салып айтып беріңдер.
..... Жанашырлық – адамгершілік қасиеттердің ең ізгі бастауы, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жылы сөзін айтып, жүрек жылуын ұсыну, ізгілік нұрын шашып, сый-сиапат көрсету. Нәсіліне, тілі, діліне қарамастан қиналған жанға жанашырлық таныту, қазақ халқына тән ұлттық қасиет болып табылады. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі болып табылады. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Ондай адамдар әр істе көрегендік танытады. Қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рахатын көреді.