қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне
өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу. Менің ойымша отбасы - бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Баяндама: Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы.
Тәрбиеші сөзі :
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып аяққа тұрып ел қатарына қослып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының кү сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі рөлі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жаслады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлық қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгісі мектепке дейінгі жаста қаланады.
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады.
Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Отбасының негізгі міндеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы.
Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Ата- ананың басты қуанышы- бала. Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.
Отбасының қоғамдағы мақсаты: баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын
оның жетістігін бағалауға арнаған жөн. Көбіне қазір ата-аналар жұмыста, балаға қарауға уақыты бола бермейді. Шынын айтқанда, қазір балалардың көпшілігін теледидар мен компьютер тәрбиелеуде. Өзіміз мұғалім болсақ та, біз де көбіне мектептің жұмысымен жүріп, төл перзентімізге, өз ұл-қызымызға көп көңіл бөле алмаймыз. Қызым қазір есейді. Бұрын кішірек кезінде «Мама, маған жиі көңіл бөлмейсің» деп ренжитін. Бірақ өзім жұмыс жасайтын мектепте оқып, үнемі көз алдымда болды. Қазіргі балалар тез ренжиді және бәрі де өз құқықтарын біледі, өте сауатты. Сондықтан олардың жүрегіне жететін жылы сөздерді жиі қолдану керек. Жазалау
баланың жүрегін жаралайды. Мейлінше мақтап, мадақтап отырған бала рухтана түседі-ау деп ойлаймын.
- Баланы қимылына, іс-әрекетіне қарай бағалау керек. Жиі мадақтаған дұрыс. Бірақ теріс әрекетін байқаған сәтте уақыт оздырмай баланың жанына үңілу қажет.Кейбір адамдар балаға «оңбағансың» деп ұрсып жатады. Осы сөзді айтудың өзі дұрыс емес. Немесе көршінің баласымен, сыныбындағы басқа баламен салыстырып, «Ана баланы қарашы, керемет» деп кінәлау да баланың жүрегін жаралайды. Әр баланың жаратылысы бөлек. Сондықтан баланы өзге баламен салыстырып ұрсу да оны теріс әрекетке итеруі мүмкін. Жазалау - менің түсінігімде баланың кемшілігі туралы жеке сөйлесу. Ешқашан да баланы көптің көзінше жазалауға жол бермеу керек. Үнемі оңаша сөйлесіп, түсіндірген абзал.
Отбасында мадақтау әдісін жиі қолданған дұрыс, бірақ баланы түзу жолға салып жіберу үшін орынды жерінде жазалау да қажет.
« Отбасы - тәрбиенің ұясы»
Мақсаты:
өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.
Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.
Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі Чехтің ұлы педагогі Ян Амос Каменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп, қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсіністіктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі баланды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста баланды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.
Қазақ ағартушысы С.Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.
Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келеді. Қазіргі қоғамда отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал ететін негізгі ошақ болып отыр. Әрине, әркім баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен қызмет иесі болса екен деп тілейді.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Балаға дүниеге келісімен көп көңіл ауларып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы бақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.
Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі ,білімді болып өсуіне жол ашады.
1.Бақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруіне үйрету.
2. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
оқушының намысына тиюге болмайды. Педагогикалық үрдістегі жаза - кек алу құралы емес, мұғалім өзінің педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт, сонда ғана шәкірттер жаза әділдігін мойындайды.
- Мадақтау - оқушының әрекетіне ұнамды баға беру. Педагогикада тек табысқа жеткен оқушыны ғана көтермелеумен шектелмей, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытқан оқушыларды да мадақтап отыруды естен шығармаған жөн. Өз-өзіне сенімсіз, үлгерімі төмен оқушының жақсы бір қырын тауып, үнемі мадақтау арқылы қолдау көрсетіп отырса, баланың өз-өзіне сенімділігі артады.
Отбасында баланы мадақтау керек пе, әлде жазалаған жөн бе?
- Бала тәрбиесінде мадақтау да, жазалау да қажет. Қазақта «5 жасқа дейін балаңды патшадай құрметте, 5 жастан 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан бастап досыңдай сырлас» деген сөз бар. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланы ұрып-соғып жатады. Есі кірмеген баланы ұрып-соғудың өзі дұрыс емес. Сондықтан адамның болашақта қандай болмағы ең алдымен баланың санасына, әу бастағы ата-ана тәрбиесінің түпқазығына байланысты.
- Отбасындағы тәрбие отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластыққа, жарасымға байланысты. Бұрын көп балалы отбасы көп болды. Сондықтан да шығар, ол кездің балалары керім бауырмал
болатын. Анамыз өте жайлы адам еді. Мен де көп баланың бірі болып өстім. «Әкең келе жатыр» дегенде бойымызды жинақтап, тез жинала қалатынбыз. Ол кезде отбасында үлкендердің беделі, әсіресе, әкенің қадірі зор болатын. Тыйым сөздерді көп тыңдап өстік. «Есікке керілме, босағада тұрма, тізеңді құшақтама» деп үйдің үлкендері жиі айтып отыратын.
Негізі отбасында баланы жиі мадақтаған тиімді. Әр күннің ең болмаса жарты сағатын балаға жылы сөздер айтып,
7. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.
8. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.
9. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.
10. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.
11. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.
Баланың мадақтау мен жазалауының
этикалық ақы-пұлдары.
Бүгіндері отбасында мадақтау мен жазалаудың әдістері сәл-пәл өзгеше. Тапсырма орындалмаса, бұрышқа тұрғызады, теледидардағы сүйікті бағдарламасын көрсетпейді немесе аулаға ойнауға шығармайды. Мадақтау әдісінде де ата-ана мен баланың арасында өзара келісім шарт қойылады. Мәселен, «Егер осы класты ылғи «беске» бітірсең, қымбат ұялы телефон немесе велосипед алып берем, өзің армандап жүрген Астанаға апарып қыдыртамын» деген сықылды алуан түрлі шарт қойылуы мүмкін. Армандаған нәрсесіне қол жеткізгісі келген бала оған жету үшін барын салады. Әрине, ол бала егер табанды болса. «Әй, қойшы соны, маған оның қажеті жоқ» деп орта жолда айнып қалатын босбелбеу балалар да бар. Қалай десек те, әр отбасында бала тәрбиесіне орай қалыптасқан бір жүйе бары рас. Ата-ананың бәрі баласының жақсы, үлгілі, тәрбиелі болып өскенін қалайды. Сондықтан әр ата-ана көргені мен көңілге түйгенін өмірлік азық қылып, ұрпағына ұғындырары анық.
Мектеп тәжірибесінде жазалаудың «Қосымша міндеттер таңу, оқушыны кейбір құқықтарынан айыру, моральдық сөгіс не айып тағу сықылды түрлері қолданылады. Дегенмен бүкіл сыныпқа жаза қолдануға, жазалау арқылы
3. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.
4. Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу.
5. Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.
6. Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.
7. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
8. Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.
9. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ой сезімін бағалай білу.
10. Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп,дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.
«Бала оқуына ата-аналар басшылығы»
Балаңыз мектепке барам деп қуанғалы қашан...Міне, арманына да жетті, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.Оның балалық ермектеріне енді тіршіліктің жаңа қамы қосылды.Үй тапсырмасын орындауы керек, ертеңгі сабақтарға қажет оқулық, дәптер, жазу құралдарын әзірлеп, портфеліне салып қоюы керек.Оның алғашқы үй тапсырмалары, әрине, онша қиын емес.Ең алдымен үйде шәкірттің тұрақты жұмыс орны, жинақы столы, бойына шақ орындығы болуы керек, жарық күндіз де, түнде де сол жағынан түсуі тиіс.Оның кітаптары, оқу құралдары үнемі бір орында тұруы, жазу столына жақын сөреде болғаны жөн.Балаңызды ұқыптылыққа баулу үшін өз столының маңындағы көрнекі жерге таблицалар, сабақ кестесін, күн режимін т.б. іліп қоятын арнайы бұрыш әзірленген дұрыс.
Бала мектептен шаршап келеді. Ол тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат ұйықтап тұрып, далада сонша уақыт ойнап келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырғызу керек.Екінші маусымда да оқитындарға да ұйқы, ойын уақыты осы айтылған мөлшерде болады.
Ата-ана, үй ішіндегі үлкендер бала сабаққа дайындалатын кезде, оны әр нәрсеге жұмсап алаңдатпай, орнықты әрі сергек отыруына жағдай жасаған жөн.
Бала оқу еңбегіне әбден дайындалғанша ерінбей-жалықпай, ұрсып-зекімей, шыдамдылықпен күн сайын сабағын түсіндіріп оқуына көмектесу оның бірте-бірте өз міндеттеріне айналып, өзін соған қалыптастыруына мүмкіндік береді.Бала өзіне парасаттылықпен қарағанды ұнатады.Оған көмекті кеңес, ұсыныс түрінде берсе, жекіріп, бұйырудан әлдеқайда өтімді болмақ..«Баланы бастан» деген халық ғибраты айтқандай, бастауыш сыныпта берік қаланған дағды,машық өз жемісін берері хақ.
сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр.
Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан.
Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.
Кеңестер:
1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.
2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен сөйлескеніңіз дұрыс.
3. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.
4. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.
5. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.
6. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.
Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған.
Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш",передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян.
Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады.
Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді.
Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды
қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды.
Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді.
Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте
Жас баланы оқу еңбегіне дағдыландыру үшін оның оқу столының алдына мынадай ереже талаптарын жазып, іліп қою да артық емес.
Сабағынды күнде бір мезгілде ғана дайында.
Бөлмеңді желдетіп ал.
Теледидар, компьютер, ұялы телефоныңды ағытып қой.
Ертең қандай сабақтар болатынын анықтап, үй тапсырмасын күнделігіңе жаздың ба?
Алдымен оқитын оқулығыңды, дәптер, қаламсабыңды т.б. ал да, жазу столының сол жағына реттеп қой.
Енді стол үстіндегі артық заттардың, нәрселердің бәрін ал да, тиісті орнына қой.
Сабағыңа кіріс. Түзу отырып, оқулығыңды аш...
Кейбір ата-аналар үй тапсырмаларын алдымен басқа қағазға, содан кейін ғана арнайы дәптерлеріне жаздырады.Бұл мүлде дұрыс емес.Ондай екі жұмыс баланы жалықтырып, шаршатып жібереді.
Әрбір тапсырманы орындап болғаннан кейін бала 10-15 минут жазып, сергуі керек, бөгде бір іспен айналасуына да болады.Баланың тапжылмай, қимылсыз ұзақ уақыт отырып алуы денсаулығына зиян келтіреді.
Мектеп практикасынан көріп жүргеніміздей, кейбір оқушылар бір немесе бірнеше пәндерден нашар үлгереді.Содан барып мұғалім алдында жалтақ, құрбылары алдында жасқаншаққа айналып, өзімен-өзі бөліктенуі ұшырасады.Бала бойындағы мұндай өзгерісті ата-аналар тез сезеді.Мұндайда балаға нақты және жүйелі көмек беру үшін істі оған қай пән, нендей тақырып қиынға түсетінін анықтап алудан бастаған жөн.Дереу мектеппен байланыс жасап, сынып журналымен танысып, баласының әлгіндей күйге түсуінің себептерін анықтауға болады.Ата-ана өз тарапынан не істеу керек екенін соған қарап шешуі тиіс.Сонда ғана олардың көмегінен күткен нәтиже шығып, баласының өзі тап болған қиыншылықты жеңіп, оқуға талпынуына игі ықпал ете алады.
Дегенмен, көмектің де көмегі бар.Мектептен әрі шаршап, әрі көңілсіз келген баланы тамағын ішер-ішпестен желкелеп сабақ оқытып, отырғызып қоюдан келер пайда аз.Оны алдымен асықпай тамақтандырып, тынықтырып алу дұрыс.Қай пәннен болса да мұғалімнің кеңесі бойынша белгілі бір тақырыпты байыппен талдап, тиісті үзілістер жасай отырып, аспай-саспай түсіндіріп, оқушының сергек көңіл күйін сақтауды құнттау қажет.
Мысалы,оқушы математикадан көбірек көмектесуге мұқтаж делік.
Мұндай жағдайда баланың шамасы жететін, бірақ өздігінен ойлануды керек ететін есептер шығарып үйретіңіз. Мысалы, мындай есеп беріп көріңіз: 2 кг конфет 6 теңге тұрады. Анаң барлық конфет үшін қанша ақша төледі? Бұл есептің жауабын табу үшін анасының қанша конфет алғандығын білу қажет екенін тапса, оқушының ойлағандығы белгілі болмақ.
Кейде баланың сабаққа үлгермеуі оның өз күшіне сенбеуіне, күдіктенуден, күдер үзуден де болады. Бірнеше рет қиын пәнді меңгере алмай, беті қайтқан бала қабілетінен айрылғандай болады, ондайда зекіп, ренжітпеуге тырысу керек.Қайта оны жігерлендіріп, рухын көтерерлік қамқорлық қажет.Жеңіл тапсырмалар орындатып, қысқа мәтін оқытып, ол үшін мадақтап, көтермелеп отырған жөн, бұл жас шәкірттің көңілін көтеріп, өз күшіне сенім нығайта бермек.Осылайша оқушы баланың біртіндеп жақсы үлгеретіндер қатарына қосылып кетуі оның әрі қарай талпына, талаптарына түсуіне негіз болады.
Біз бүгін алғаш мектеп табалдырығын аттаған кішкентай шәкірттің бойында оқу дағдысын қалай қалыптастырудың қарапайым амалдары туралы ғана әңгімеледік.Өмірде әрбір отбасының өзіне ғана тән жағдай бар, араласатын ортасына
адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек - ұлы жеңіс болары анық.
Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
адамгершiлiк тезге салады
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.
Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - әлемдi тануы.
М. Шоқайұлы былай деген: “Мәдениет - адам әлемi. Мәдени көрiнiстерде адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер дүниесі құрылған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейiне көтеретін негiзгi құрал”.
Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, қазақ халқы жетелеген тұлғаның сипатын “Сегiз қырлы бiр сырлы “ деген бiр ауыз сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi..
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған
қарай қалыптасқан дәстүрлері бар, үй тұрмысында орныққан әдет-салты бар.
Бірақ баланың оқуға ынта-ықыласын қалыптастыруға күнде көңіл бөліп отыру, тиісті уақытта тапсырма орындап, сабақ пысықтауға отырғызып, оның нәтижесін қадағалау, күн режимін орындауды баланың дағдысына айналдыру-баласы мектеп табалдырығын аттаған барлық ата-ананың ортақ міндеті.
Жас балалардың ішімдікке әуестігінің
алдын алу шаралары
Адамды тәрбиелеу парыз,
әрі борышың.
Ф. М. Достоевский
Бастауыш сыныптарда ішімдікк әустену көбінесе ата-аналары ішімдікке әуес, не болмаса баланы қызықтап ішімдік беретін жанұялардың балаларында кездеседі.Алғашқы жанұялардың балалары үлкендерге еліктеп, шөлмек, стакан түбіндегі қалған-құтқанды жалап, аяқтанса, соңғыларын әке-шешелері өздері ауыздандырады. Әуелі аз-аздан басталған әуестік үшінші-төртінші сыныптарда нағыз ішімдікқұмарлыққа айналады. Олардың ата-аналарына ескерту жасасаң, өздерін не балаларын ақтау мақсатымен: «Ер жеткен соң өзі-ақ қойып кетеді. Қазір әлі жас қой. Ақылы кірген соң түзетерміз»- деп, не болмаса:» Қайталамайды»- деп, сені алдап сулап шығарып салады. Бұл әдеттен құрғақ үгітпен қойдыра алмаймыз және жауапкершілікке тартуға келмейді. Егер ондай балаларды балғын кезінен тыймаса, кейін кеш қаламыз. Сондықтан мен осындай жағдайға тап болсам, не істейтінімді былайша топшылар едім.
Маман нарколог дәрігерге барып, барлық мән-жайды түсіндіріп, бірігіп қимыл жасау бағдарламасын құрар едім. Оның бір нұсқасы мынадай болар еді.
Дәрігер кәдімгі өздерінің жоспарлы шаруасы ретінде медициналық байқау өткізеді. Содан соң мен нұсқаған топты не оқушыны тағы да екі-үш оқушымен бірге анализ тапсыруға шақырады. Әлгілердің қан құрамын зерттеген болып, қорытынды береді: «Баланың қан құрамында өзгеріс байқала бастаған. Егер қазірден күтініп, алдын ала сақтық шараларын қолданбаса, баланың анемиялық ауруларға қаны ағаруға
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық [ 21, 266].
Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.
Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”- деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәріне қандыру да педагогтық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал [2, 38].
Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”-деп
ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Ш. Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:
Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.
Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады,
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесіз бiлiм - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi - тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзін қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т. б.).
Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К. Д. Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
шалдығуы күдіксіз нәрсе. Сондықтан бала сүт, көкөністі көп пайдаланып, таза ауада дене қимылдарымен айналысуы тиіс. Никотин, алкогольді пайдаланбақ тұрсын, иісі келсе, бірден аталған жазылмас дертке ұрынады. Сондықтан бұлар отырған жерде үлкендер де ондай нәрселерді пайдалануға болмайды . Бала белгілі мерзімді дәрігер бақылауында болуы керек. » Осы қорытынды асқан шеберлікпен ата-анаға жеткізілуі тиіс.
Міне, осындай жағдайда ешбір ата-ана өз баласына қастық жасай алмай, дәрігердің айтқанын орындайды. Балаға шарап бермек түгілі, өздері қарсы үгіт жүргізіп, өз қателіктеріне өкінеді. Әрине, дәрігер де, мен де олардың бұрынғы әдеттерін білмеген түр көрсетеміз.
Содан соң бір тәрбие сағатын алкоголь мен никотиннің зиянын, не болмаса, салауатты өмір салты жайында өткізіп, әлгілрді баяндама тапсыруға да болады. Сонда бала бәрін де түсініп жаман қылықтардан саналы бас тартар еді. Әрине, бұл нұсқада құпия сақталуы керек.
Мүмкін әркім жағдайына қарай, түрліше әдістер қолдануы мүмкін. Өз басым бұл істе тыйым салу, зекіру, шара қолдану, талқылау баланы ерегестіріп жіберуі мүмкін деп ойлаймын. Сондықтан халқымның :» Түйінді кескеннен гөрі, амалын тауып шешкен пайдалы,» «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең, мұсылман діннен шығады «- деген данылық қағидаларын қолданып, істі осылай тындырған дұрыс деп ойлаймын.
Ләйім, болашағымыз арақпен уланып, темекімен тұншығып, есірткімен есуастанбағай деп тілеймін. Салауатты болашақ үшін күш-жігерді аямау әр ұстаздың міндеті деп білемін.
Кітап – ұстаз, ақылшы дос.
Білім бұлағы кітапты сүйіңіздер!
Горький.
Өсіп келе жатқан балаға кітаптың берері мол. Оның ой-өрісін дамытуда. сөз байлығын көбейтуде, сонымен қатар еңбекқорлыққа және адамгершілікке әсемдікті түсіне ,сүйе білуге үйретуде, экологиялық білім беруде де орны бөлек ұстаз кітап болып табылады.
Жас кезінен кітап оқуды серік етіп оқығанының дұрыс немесе бұрыстығын өзі ұғып сараптай білуге, оны өзгеге де дәлелді түрде жеткізе білуге үйренудің алғашқы сатысын мектеп қалайды.
Балалар өте әсершіл. Алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай әңгімелеп жүреді және жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына шын көңілмен реніш білдіріп отыратынын өздеріңіз де білесіздер ғой. Олар еліктегіш те.Кітаптан жақсылықтың үнемі жеңіске жетіп, жамандықтан басым түсіп,т салтанат құратынын ұғып, өздері де жаман қылық көрсетуден аулақ болады деп ойлаймын. Балаларға арналған кітаптардың түрлі-түсті болып келуі және мазмұнды да , әсем безендірілген суреттерге толы болуы да кітапқұмарлықты оятады.
Кітаптың тек қана суретін көріп қою жеткіліксіз . Бұл суреттердің не үшін салынғанын анықтап айтып, сен қалай ойлайсың деп қызықтыра білген абзал. Салынған суреттермен дұрыс жұмыс түрі ұйымдастырылса ғана оқыған кітаптың мәні ашылып , мағынасы санасына жететін болады.
Барлық әдет атаулының бала жастан бастап қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеген.Таңертеңгі тазалық талаптарын орындаудан бастап, дене қимылдарымен айналысуды да осы кезде бастайды.Адам өміріндегі ең маңызды нәрсе- күн тәртібін сақтау. Күнделікті жасалатын жұмыстардың ретін
қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез-келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам - ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелді. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар: Отансүйгiштiк.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өз елінің патриоты болуын талап етеді, ал мұның өзі белгілі дәрежеде ұлттық дәстүрлерді, ұлттық ережелерді мақтанышты, ар-ожданды жақсы білу деген сөз.
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбір дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбір қоғам өзiнiң даму процесінде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама-қарсы, теріс қарым-қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде міндет қоя білумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамның адамгершiлiгi
- оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық –
сағатына, минутына дейін дәл есептеп үйренуге бала кезінен бастап әдет қалыптастырады.
Өмірі көрмеген аң не құс туралы да ең бірінші болып кітап таныстырады.Жер бетіндегі тамаша жерлердің сұлулығын сипаттауда кітапқа жететін көмекші жоқ..Кітапты тек қана бала оқу керек деген ұғым түбірімен қате. Балаңызбен бірге өзіңіз де қолыңызға кітап алып, ондағы оқиғаларға араласып кетіңізші.Сіз бір жұмбақ әлемге еніп кеткен сияқты болып, одан бас көтере алмай қаласыз.
Кітаптың назарынан ешбір тақырыптың да тыс қалмайтынын сіз жақсы білесіз.Бүгінгі күні белең алып келе жатқан жаман әдеттермен күрестің де белсенді мүшесі кітап екенін ұмытпаңыз. Егер балаңыз жат қылықтан бойын алыс ұстап , емін-еркін шат өмір сүрсін десеңіз осыны ескеріп қойыңыз
Осындай тамаша досты балаңызға таныстырып, оған кітап оқып беріп жүрсіз бе?Кеш қалмаңыз! Әлде…( 332 рет оқылды.)
Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата ана
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест
Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
3. Қызығушылығын ояту.
Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.
4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің
парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Қай ғасырда болсын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес. « Бала тәрбиесі мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платон бекер айтпаған.
Болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар - бүгінгі жас ұрпақ, оларды тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Жастар мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сипаты қандай болса, жемісі де соған сай болары хақ.
«Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз.
Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол тәрбиенің түрі, бұл – патриоттық тәрбие.
Патриотизм ( грек сөзі)- Отанға деген сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм - Отанымыздың гүлденуіне экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді.
Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы өз Отанының азаматын тәрбиелеу болып табылады. Болашақтың қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектептегі білім мен тәрбие егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз – оның жүрегі.
тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап,
демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық –
бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.
5.«Қызыты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?
6. Ата - аналарға «Сіз қандай ата - анасыз?» тест. Олар балалармен қарым - қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
- Мен саған қанша рет айтамын? - Маған кеңес бере қойшы, айналайын! - Мен сенсіз не істер едім?! - Бұл не тағы? - Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? - Кімге тартқан бәлесің өзің? - Мен сендей кезімде.. - Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! - Сенің жаныңдағы қандай достар осы? - Сен не ойлап отырсың? - Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… - Ақылдымсың ғой сен менің!
Жауаптары: 7 - 8 балл - Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде
қарым - қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 - 10балл - Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 - 12балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 13 - 14балл - Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар - оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата - ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.
7. Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне