Сабақтың тақырыбы : «Түлкі мен қоян»



бет26/35
Дата29.12.2021
өлшемі211,41 Kb.
#106215
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
ЕРТЕГ-ЛЕР Тех карталар

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Үлестірмелі құрал: Сәбіз

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі



Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.


Іздену-ұйымдастыру кезеңі



- Балалар, сендер ертегілерді ұнатасыздар ғой. Қане, «Үйшік» ертегісін есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырайық.

- Алаңда бір үйшік тұр.(Суретті көрсетеді) Жертесер тышқан оны көріп қалып, неткен керемет үйшік, бұл кімдікі,- деп сұрайды. (тышқанның карточкасы қойылады).

- Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.

- Балалар тышқанға көмектесеміз бе?

Тәрбиеші балаларға тапсырманы ұсынады:

1.Суреттегі заттардың қайсысы үстелдің үстінде, қайсысы астында орналасқан?

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, тышқанға үйшіктің есігі ашылады. Жарайсыңдар!

Тышқан үйшікке кіріп тұра бастайды.

Секеңдеп, секіріп қоян келеді.

- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады? Сол кезде үйшіктен

ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.

Тәрбиеші балаларға тапсырма ұсынады:

1.Балалар қоян не жейді? Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді тапсырманы орындайық. Мына қиынды қағаздарды құрастырайық. Балалар ненің суреті шықты? Жарайсыңдар, қоянға үйшікке кіруге көмектестіңдер.

Орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.



Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылдым

Егеменді ел көрдім.

- Үйшікке жүгіріп көкжал қасқыр келеді.

- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:

- Менің тапсырмамды орындаған-дарға ғана үйшік өз есігін ашады.

- Балалар қасқырға көмектесеміз бе?

Тәрбиеші балаларға тапсырма ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет