Дидактикалық ойын:
«Не артық?»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Дұрыс таптыңдар, сиқырлы үйшіктің есігі қасқыр үшін де ашылды. Жарайсыңдар!
Қасқыр үйшікте тұра бастады.
Қутыңдап түлкі келіп:
- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік? (тышқан, қоян, қасқыр өздерін таныстырады). Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:
- Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
- Үйшікте қандай аңдар бар?
- Олардың қайсысы бұрын келді?
- Қайсысы соңынан келді?
- Қасқырдан бұрын қай аң келді?
Үйшіктің есігі түлкіге де ашылады. Содан
бері барлық аңдар тату-тәтті өмір сүріпті.
|