Мұғалім: Ой, балалар, бұл жерде неғып отырсыңдар? Мынау менің сыныбымның балалары ғой, ( Мұғалім оқушылардың қасына барады, олар темекіні тыға бастайды). Мұғалім: Мынау не, бірдеңенің иісі шығып тұр ма? Олжас, темекі тартып тұрсыңдар ма? Қане сыныпқа жүріңдер. (темекінің зияны туралы айтады.) Полиция бөлмесі. Полиция қызметкері: Сіздің балаңыз өзінен кіші баланы қатты жәбірлеп, соққыға жыққан. Балаңыз өзінің қателігін мойындамай отыр Анасы: Істегенің рас болса, несіне мойындамайсың? Осы сенен-ақ шаршап біттім-ау. Баласы: Менен көре береді екенсіңдер.(сол кезде мұғалім кіреді) Мұғалім: Не болды? Неге жанжалдасып отырсыңдар? Анасы: Баяғы менің баламнан көресіңдер. Мен емеспін деп отыр. Мұғалім: Жақсы, олай болса мен онымен сөйлесіп көрейін.(анасы ,полиция қызметкері шығып кетеді.) Мұғалім: Олжас, біз бұрыннан да сөйлесіп жүрміз. Саған талай ескерттім. Бұрын балалықпен қателіктер жіберіп жүрген боларсың, енді есейдің. Істеген ісіңді мойыныңмен көтер, азаматтың екі сөйлегені-өлгені демей ме?
Достарыңызбен бөлісу: |