Рефлексия
|
Бекіту тапсырмалары.
Нашар оқитын оқушылармен жұмыс
«Ия» немес «жоқ» әдісі
Есеп. Қаныққан көмірсутек этан мен қанықпаған көмірсутек этиленді салыстырып, берілен кестені толтырыңдар
Табыс критерийі бойынша оқушыларды бағалау
|
Берілген тапсырманы орындайды
Кестені толтырады. Есптер шығарады
|
Үйге тапсырма
|
Пар. 46.
Шығармашылық тапсырма. «Полиэтиленді пакеттердіңт қоршаған ортаға әсері» ЭССЕ жазу
|
Күнделікке жазып алады
|
Ашық сабақ сараптамасы
Сынып 9 Ә күні: 12.04.2017ж
Пәні: химия
Мұғалім: Шурыкпаева Ж.Ж.
Сабақтың тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
Сабақтың мақсаты: Қанықпаған көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті этилен мысалында қалыптастыру және алкендер жайлы білім беру
Сабақта қолданылған көрнекіліктер: презентация, флипчарт, видеокөрсетілім
Оқыту формалары: даралап, топтап, ұжымдық
Сабақтың құрылымы:
.
Сабақта мынадай міндеттер қойылды:
А. Алкендердің жалпы формуласын біле отырып, құрылымдық формулаларын жазып, номенклатура бойынша атай біледі; Қанықпаған көмірсутектер туралы түсінеді; Оқулықпен жұмыс жасай алады.
Ә. Алкендердің қасиеттерін алкандармен салыстыра отырып, айырмашылығын көрсете алады.
Б. Алкендер жөнінде алған білімдерін практикалық тұрғыдан нақты жағдаяттарда қолданады.
Қанықпаған көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті этилен мысалында қалыптастыру үшін сабақтың әр кезеңінде әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткіздім.
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
Өткенді қайталауға «Миға шабуыл» әдісі арқылы сыныпқа сұрақтар қойылды. Бұл кезеңде оқушылардың өткен тақырыпты жақсы меңгергендері көрінді. Сұрақтарға толық дұрыс жауап берді
Мағынаны тану кезеңінде жаңа тақырыпты ашу үшін көмірсутектің формуласын анықтауға арналған есеп шығарады. Сабақтың мақсатымен танысады. Сабақтың табыс критериін оқушылармен біріге отырып құрдық. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру» технологиясының элементі Инсерт әдісі қолданылды. Бұл кезеңде оқушылар өз бетімен оқулықпен жұмыс жасап, ең бастысы мен маңыздысын көрсете алды. Топпен жұмыс жасап белгілегендерін кластер құру арқылы көрсетті. Жұмыстарын қорғап, қортындылады. Этиленнің химиялық қасиетіне бейнекөрсетілімдер көріп, реакция теңдеулерін жазып, бұған түсінік берді. Бірінші топқа этиленнің шарөзекті моделін құрастыру тапсырды. Шарөзекті моделін құрастырып, олардың молекулалық құрылыстары және гибридтенуі туалы айтты.
Рефлексия кезеңінде қаныққан көмірсутек этан мен қанықпаған көмірсутек этиленді салыстырып, берілген кестені толтырды. Оқушылар алкендердің қасиеттерін алкандармен салыстыра отырып, айырмашылығын көрсете алды. Нашар оқитын оқушыларға деңгейлеріне байланысты жеке жұмыс ретінде берілген пайымдауларға «Ия» немес «жоқ» деп жауап беретін тапсырмалар берілді.
Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп «Полиэтиленді пакеттердің қоршаған ортаға әсері» тақырыбына ЭССЕ жазу тапсырылды.
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. «Миға шабуыл», оқулықпен жұмыс, кластер құру, бейнекөрсетілімнен көрген тәжірибені түсіндір, оның реакция теңдеуін жазу, этиленнің шарқзекті моделін құрастыру, берілген пайымдауларға «ия» немес «жоқ» деп жауап беруғ этан мен этиленді салыстыру сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
|
Қаныққан көмірсутектердің бірінші өкілі...
|
Шалшық газы...
|
Метанның агрегаттық күйі...
|
Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы...
|
Химиялық құрылыс теориясын 1861 ж ұсынған орыс ғалымы...
|
Қаныққан көмірстуек атауының синонимі...
|
С2Н5; С2Н6; С3Н8, С2Н4 артықтарын тап.
|
Химиялық құрамы бірдей, бірақ құрылыстары әр түрлі, соған сәйкес қасиеттері де әр түрлі заттар қалай аталады?
|
Бір-бірінен бір немесе бірнеше СН2тобына айырмашылығы бар, молекула құрылыстары ұқсас заттар қалай аталады?
|
Үй есептерінің жауаптары:
№1
Екі зат өрнектелген. 1) 2,2-диметилпропан; 2) 2-метилбутан.
№2
СН3
│
СН3-С-СН2-СН2-СН3
│
СН3
№3
С8Н18
№4
С6Н14
№5
а,ә,в,д-изомерлер; б,г-изомерлер.
№6
С5Н12, С10Н22
№7
-С5Н11 пентил радикалы
№8
СН3 СН3
│ │
СН3-С-СН2-С-СН2-СН3
│ │
СН3 СН3
Оқушының аты-жөні:
______________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |