Ортасы
|
Екі команданың ойыншылары алаңның қарама-қарсы жақтарында бетпе-бет сапқа тұрады. Белгі бойынша ойыншылар бір аяқпен (сол, оң) секіре қозғалып, алаңды кесіп өтеді және қарсылас үйінің сызығынан жылдамырақ өтуі тиіс. Ойыншылары қарама-қарсы сызықта бәрінен ертерек жиналған команда жеңіске жетеді. Алаңдағы ойыншылардың саны бойынша жеңімпаз команданы анықтау қиынға соқпайды. Жарысты жалғастырып, ең жылдам ойыншыны да анықтауға болады.
Тапсырманың дескрипторлары:
көтеріп жүрген аяқтарын жерге тигізбеуге тырысады
ұйымшылдық қасиеттерін көрсетеді
4-5 қадам екпін алып, теннис добын лақтыру:
- б.қ. қол - алға-жоғары, шынтақ - аздап ішке. Екпін алу баяу үдеумен іске асады. Жүгіру жылдамдығы оңтайлы.
- б.қ. – лақтыру бағыты бойынша сол бүйірмен, аяқ иық енінде, сол аяқ ұшында, доп ұстаған оң қол жоғары. Бірінші сап команда бойынша лақтырады, екіншісі доптарды теріп алады, содан кейін оқушылар орындарымен ауысады.
Тапсырманың дескрипторлары:
екпін алу қашықтықты дұрыс өлшейді
екпін алып допты лақтыру техникасын дұрыс орындауға тырысады.
Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы жеңіл атлетика туралы бейнероликтерді көру және талдау.
|
жүгіруде, секіруде және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»
|
доптары, фишкалар, бағалау парақтары, секіртпе, шеңбер, қапшық,
гимнастикалық орындықтар,
төсеніш, қағаз доптары, себет, стикерлер.
|