Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Дүниежүзі елдерінің табиғи өсімін анықтау, түсіну
Оқушылардың басым бөлігі:
Ұдайы өсудің көрсеткіштерін есептеп, оған мысалдар келтіру
Кейбір оқушылар:
Дүниежүзі елдерінің өсіміне байланысты талдау жасау арқылы салыстыру
|
Басы
|
Сабақты ұйымдастыру –
Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
«Алма бағы» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (тақтаға алма ағашының суретін және оған түрлі түсті стикерлер (алма) жапсыру, сабақ басталғанда оқушыларға өзіне ұнаған алманы алуды тапсырыңыз. Сол арқылы оқушының сол сәттегі көңіл күйін білуге болады, сонымен қатар топқа бөлінеді).
Үй тапсырмасын сұрау
«Бір қадам алға...»
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1
|