69
Қазақ Республикасы ең алғашқы астанасы Орынбор (1920-1925), одан
кейін Қызылорда (1925-1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы
қалалары болды.
1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ə.Назарбаев «Ақмола қаласын
Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол
қойды. 1998 жылы мамырдың 6-да Елбасының жарлығымен Қазақстан
Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды.
Осы жылғы маусымның 10-да тəуелсіз Қазақстанның салтанатты ашылу
рəсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа
астанасы болды.
Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың
ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен
қамыстың
орны
қала
халқы
демалатын
жағажайға
айналды,
«Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа ғимараты,
Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен
ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би,
Əйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.
Əсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа астананың əсемдігі
ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады.
«Бəйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген
қонақтарды таң қалдырады.
Астананың болашағы əлі алда. Ол Еуразиядағы ең əсем, сұлу, əйгілі
қала болмақ.
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, əкімшілік, экономикалық,
мəдени орталығы, бас қала.
Сөздік
жариялау – объявлять ескерткіш – памятник
жарлық – указ атылған – взметнувшийся
елбасы – президент барыс – барс
қол қою – подписывать мүсін – скульптура
салтанатты – торжественный жаға – берег
ашылу рəсімі – церемония открытия сұлулық – красота
көрікті – красивый ерекше – особенный
айналу – превращаться көз тарту – притягивать взгляд
батпақ – грязь жақын шетел – ближнее зарубежье
қалың өсетін – густо растущий алыс шетел – дальнее зарубежье
қамыс – камыш саяси – политический
бой көтеру – подняться ввысь əкімшілік – административный
Достарыңызбен бөлісу: