Тапсырмалар:
●
Мəтінді аударыңыз.
☺
Сұрақтарға жауап беріңіз:
70
Қазақ елінің тарихындағы астаналар туралы не білесіз?
Астаналарды көшіру себебі неде деп ойлайсыз?
Сіздіңше, астана болудың қандай шарттары бар?
Сіздің астанада тұрғыңыз келе ме? Неге?
Сіз астана əкімі болсаңыз, тұрғындар үшін не істер едіңіз?
◘
Сөздерді тəуелдеңіз:
астана, рəсім, жарлы .
БƏЙТЕРЕК
Бəйтерек металл конструкциялардан жасалған, 97 метрлік аса биік
құрылыс. Ұшар басында орасан зор жұмыртқа іспеттес шар орналасқан.
Монумент үш бөліктен тұрады. Ең төменгі бөлігінде дөңгелек зал мен
лифтілер алаңшасы бар. Ғимараттың ортаңғы бөлігі – оның негізгі өзегі.
Өзектің ішіндегі жүрдек екі лифт төбеге лезде жеткізеді. Аса мықты
конструкциялардан жасалған өзек сейсмикалық тұрғыдан да өте мықты.
Монументтің үшінші бөлігі шолым шардан тұрады. Алыстан қарағанда
86 метрлік биіктіктегі шар кіп-кішкентай болып көрінеді. Алайда оның
диаметрі 22 метр. Ішіне кірсең, панорамалық залдан бүкіл елорданы
алақаныңдай көресің. Осындағы кафенің үлкен аквариумынан алуан түрлі
балықтарды көріп таң-тамаша қаласың. Монументтің биіктігі 97 метр болуы
ел астананың осында көшкен жылын білдіреді. Дөңгелек шар ертегілерде
айтылатын самұрық құстың сиқырлы жұмыртқасын елестетеді. Жұмыртқа
байлықты, дəулетті, тыныштықты білдіреді. Өйткені самұрық құс өз
дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына
салады екен. Осы идея Бəйтеректің дүниеге келуіне себеп болған. «Астана-
Бəйтерек» жас Астананың біртіндеп бүкіл еліміздің нышанына айналды.
Қазіргі кезде Бəйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мəдени
орнына айналды. Астананың рəміздік бейнесіне айналған Бəйтерек елордада
өтетін əртүрлі шаралардың, жиындардың, шығарылатын кітаптардың
таңбалық белгісіне айналып отыр. «Бəйтерек» атауымен еліміздің əр
түкпіріндегі нысандары аталып жүр.
Тапсырмалар:
●
Мəтінді аударыңыз, сұрақтар құрастырыңыз.
►
Не себептен монументті «Бəйтерек» деп атады? Өзіңіздің пікіріңізді
айтыңыз.
◘
Мəтінде берілген етістіктерді шартты рай тұлғасында қолданып, сөйлем
құраңыз.
◘
Та -тамаша, кіп-кішкентай, азды-к)пті, &лкенді-кішілі
сөздерімен сөйлем
құраңыз.
|