Солай бола тұрғанмен де Айдынбек өз үмітін жоғалтпай қызды өз үйіне алуды дұрыс деп тапты. Қыз болса да оған қарсы болған жоқ. Егер ол қарсы болса басқаша бөлек бір оғаш дыбыс шығарған болареді ғой. Ол өйтпеді. Жалпы, қызжуас еді. Төзімді екені де көрініп тұр. Айдынбекті әуелі қызықтырған оныңсүлулығы емес, оның парасаттылығы еді. Соған үмітартқан. Ендіміне, оған қолыжетіп, жанында отыр. Осыдан артқан бақытты сәт бар ма екен Айдынбекте!? Айдынбектіңқызды сырттай қызғанған күндері де аз болған жоқ. Қызға көзі түсіп қызыққандар қаншама. Сондай күрделі күндерді де басынан өткерді емес пе? Жалпы, Айдынбек сұлу қыз атаулыға қызығып көрген еркек емес-ті. Жұрт та сонысына қарап оның ғылымға шындап берілген адам екенін се- зетін. Оның жолы үйі мен жұмысы арасы ғана. Ал оның осындай нағыз ғалым екеніне, ғылыми жаңалықтың жаршысы екеніне сырттай қызығатын қыз-келіншектер аз ба еді? Айдынбек олардың біріне де назар аудармайтын. Енді мұхиттереңіндегі бір бейтаныс кемеден адасып қалған бейкүнә-бейтаныс қызға осыншама көңілінің ауғаны қалай? Оны өзі де түсінбейді. Айдынбек бүгінде ұйқылы-ояу жүрген адамдай да сезінеді кейде өзін. «Ерлі-зайыптылар неге ажырасады десем...» деп те бір ойлап қойған ол.
Енді міне, көз алдындағы әлі де болса да бөтен саналатын қызға әрбір қараған сайын тұла бойын әлдеқандай бір сиқырлы сезім билеп ала жөнеледі. Ұнау мен ұнату сезімі. Қыз да қиылып қарайды-ау. Ол да жиі-жиі ой тереңіне шомады. Ал Айдынбектен басқа адам жақындағанда қыз оны жақтырмай, тікірейіп, тітіркеніп, теріс бұрылып, кейде орнынан тұрып жүріп кетеді. Ондай қылығына ғалымдарәлдеқашан көзжеткізген. Ал екеуін сырттан бақылаған кез келген адам Қозы мен Баянға ғана теңер еді. Махаббат сезімі қай заманда да болған. Тек ол сезімнің ғұмыры ұзақ болмайды. Түрлі себептермен сөніп қалып жатады. Ал қыздың ауылында махаббат сезімі деген мүлдем басқа бір ұғымға айналып кеткен сияқтанады жерліктер үшін. Олар өмір шеңберінің бір айналымын аяқтауға да таяған сияқты. Ол кезенде адам сезім атаулыдан суынып, жалаңаш жүруге құмарланады. Ал Айдынбек өмір сүріп отырған заман нағыз гүлденген заман. Адам баласының бір-біріне деген мейірімі, сезімі мен адамгершілігі, түсіністігі молайған заман. Қыз да сондай заманды іштей сезетін сияқты. Оның сыры да, өмір тарихы да ішінде сайрап жатыр. Тек соларды сыртқа ағыл-тегіл шығаратын тіл болса. Айдынбектіңендігі басты арманы да қыздыңтілін шығару, ұстарту, дамыту. Қазақ тілінде сайрату.
Сыртта төрт қарауыл дегбірсіздене күтіп, ішке ешкімді де жібермей ұзақтұрып қалса да екеуі бір-бірінің жүзіне қараудан еш жалықпады. Сәлден соң Айдынбек ұстап отырған қолын қыздан жайымен ғана өзіне қарайтартып алды. Мәдениетті түрде оған сәл ғана бас изеп, өзі бастап дәлізге шықты. Қарауыл жігіттер сонда ғана барып қозғалақтай бастады. Олар бұл аралықта: «Айдынбекке қыз қандай да бір дұға сияқты бірдеме жасап тастаған жоқ па?» деген оймен күдіктенеде бастаған болатын. Енді екеуініңдінаман, емен-жарқын шыққандарын көріп жеңілдеп қалды. Енді қарауыл жігіттер мен осында қалған үш-төртғалым екіге жарылып, екеуіне жол ашты.
Бәрі жақсы. Келістік. Үйге баратын болдық. Бәрін де түсінген сияқты. Өз қарамағыма, өз жауапкершілігіме аламын бұл қызды, — шамалы тершіген маңдайын сүртіп, ғалымдар мен қарауыл жігіттерге кезек-кезек қарап.
Сонда қалай түсіністіңіздер?—деді академияның сапарға қатыспаған қызметкерлерінің бірі.
Түсіністік. Ол да, мен де. Екеуміз де әуендік сезімнің адамымыз ғой. Ой-түйсігіміз де бір жерден шыққандай.
Ал, Раушан жеңгейге не айтпақсыз? - деді қарап тұрмай екінші жас ғалым.
Түсінер, мені дұрыс түсінер, ғылымды дұрыс түсінер деген үміттемін. Сәулеге көп бөлмелі пәтерімізден бір бөлме бөлеміз. Бассейн бізге жақын. Дәрігерлер болса да жиі-жиі келіп, бақылап-зерттеп тұратын болады деңсаулығын. Ал, ғылыми жағын өзіміззерттейміз. Сәуле бұл академияға да жиі келіп тұрмақ. Осылай, қысқаша айтқанда, - деді Айдынбек өзіне жарасымды бет-бейнесімен сәл ғана риясыз жымиып.
Істеріңіз сәтті болсын, аға! - деді алғашқы сөйлеген ғалым.
Рахмет! Көп рахмет, інілерім! Өздеріңе деғылым жолында тек мол табыс тілеймін! - деді Айдынбек ол екеуініңде қолдарын кезегімен қыса қоштасып тұрып.
Бұл бір өте дұрыс шешім болды, - деп қалды сол кезде екінші сөйлеген ғалым.
Әрине, дұрысы дұрыс. Ал ендігісін уақыттыңөзі таразылай жатар.
Айдынбек тек осы сөздерден кейін ғана жанындағы елең қағып тұрған қызға бұрылды. Қыз оңқолын созды. Айдынбек енді бұл жолы оны батыл ұстады. Екеуі сыртқа қарай бет алды. Академияныңіші мен сыртында жүрген кейбір ғалымдар аң- таң. Айдынбек бейнебір жас баланы жетектеп кележатқандай. Адамдар жақындап жинала бергенде төрт қарауыл жігіт екеуін дереу қоршауға ала қойды. Бәрініңандығаны Айдынбек пен Сәуле есімді бейтаныс қыз. Түрғандардың кейбіреуі ішінен: «Раушанның сызы батып жүрмесін бұл қызға», - деп те ойлап қояды. Сөйтіп кейіндеп қалып жатты. Арнайы той киімдерін кигендері болмаса, жұп болып жүргендерітап үйленген жігіт пен қалыңдыктың жүрісіндей болып кеткені де жұртты қайран етті.
Сол бағытпен алдын ала дайындалған, осындажіберілген қалың терезелі жеңіл көлікке жақындағанда оның көкірегіне деадамдар көп жиналып қалыпты. Бірақ ол көліктің өз қарауылдары мен тәртіпті қадағалаушылары бар еді. Солардың көмегімен ел жол ашып, екеуінің жеңіл көлікке еркін мінулеріне жағдай тудырды. Айданбек қиын сәтте келе жатса да төңіректегілердің бәріне де сәл ғана бас иіп, ілтипат көрсетумен болды. Қыз ғана бойын тік ұстады. Келген бетте жігіттер екеуіне көліктің есігін ашты. Әуелі қыз отырды. Сонан сон Айдынбек. Алдынғы және артқы жақтарына қарауыл жігіттер мен жүргізуші биоробот жайғасты. Көлік қозғалысымен адамдар тұтасып, жол бойында кетіп бара жатқандары кілт тоқтай-тоқтай қалып, бұларға қызыға қарасты. Көліксол жылжыған бойымен барып кең даңғылғатүсті. Сол кезде бұларды маңадан бері күтіп тұрған бірнеше мотоциклшілер кортежі қоршай жүре берді. Үшеуі алға түскен. Үшеуі кейінгі жақта. Қалған төртеуі көліктіңекі қапталында. Осы тәртіппен көлік пен мотоциклдер кортежі Айдынбектің пәтеріне қарай жөнелді. Бәрінде де хабар-ошар студиясы күні-түні жұмыс жасайтын болғандықтан бұл жөнінен қала халқы хабардар еді. Тек бұлардыңакадемияныңбас ғимаратынан шығатын уақыты айтылмаған. Соған қарамастан сөзтарап кеткендіктен ел -жұрт көше көшенің бойына тізіліп үлгері пті.
Олар шынысы қара көліктің ішіндегғажайып қызды көре алмаса да, бәрібір, оның осы көліктің ішінде екеніне қанағат тұтып, «Біз көрмесек, ол қыз көріп отыр ғой, бізді» деп жап- пай қол бұлғаумен тұрды. Кейбіреулері тек қол бұлғаумен шектелмей: «Ей, сұлу қыз, енді сен де қазақтың бір аруындай ақылды бол!» деп дауыстап та қалады. Енді біреулері: «Аман бол, қарағым! Қазактың тілі мен салтын үйренетін бол! Қазаққа қыз болып кеткен өзге ұлттың қыздары аз ба? Өзге жұлдыз жүйесіндегі ғаламшардың өкілімін деме. Сенің санаң жоғары, білімің терең, бізге қарағанда. Ниетті бол!» деп дауыстағандары да ап-анық естіледі екеуіне. Оны Айдынбек пен қарауыл жігіттер ғана түсініп, қыз не дерін білмей жымиюмен шектеледі. Бірақ онысы да жарасымды. Ол бұл сөздердің жақсы тілек екенін түсінгені, түйсінгені еді. Қыздың ғажайып сезім қабілеті оның ми әлеміне бұл сөздердің мән-мағынасын толығымен болмаса да көбін дәлдеп жеткізген де еді. Шамалыдан соң қыз қипақтап, жан-жағына қарайлап, ұнатқанда шығаратын жағымды үнін де арнады халыққа. Тек онысын Айдынбек қана жүрек сезімімен ұқты. Қыздың бұл құрметке риза екені айқын байқалады. Ол анда-санда басын Айдынбектің иығына қояды, содан соң оның жүзіне қарайды. Айдынбек оның қара маржан ұзын шашынан сипайды. Сипай отырып, ол шаштың ерекше шаш екенін сезінеді. Қолдарының саусақтары майланғандай болып, суси жылжып кетеді. Сонда да Айдынбек ерінбестен қыз шашын қайталап сипайды.
Көліктер легі үй ауласына келіп жеткенде, бұл мәселеден хабардар Раушан есік алдына шықты. Бейнебір жас келіп, жаңа келін түсіргендей болып көрінген бұл оқиғаға айнала- төңіректегі көрші-қолаңның бәрі де жиналды. Үлкен қаланың кең көшелерінде әрі-бері өтіп жатқан тұрғындар да бұл күтпеген оқиғаға елендеп, жақындап келіп тұра-тұра қалған. Уақыты барлары асығатын да емес. Раушан қызды жақтырмаса да Айдынбек үшін, ғылым мен бақылап тұрған ел үшін ішкі қызғанышын да, ренішін де білдірмеуге тырысып, көрші- қолаңдармен біргежасанды жымиып, құшақжая қарсы алды. Көлік осы пәтерге кіретін кірменіңдәл алдына тоқтаған бойда оның есігіне қарай құшақжайып жақындай берген. Есікашылған бойда әуелі сыртқа Айдынбек шықты. Ол Pаушанғаендіғана көргендей қадалабір қарады да, қайта көлікке қарай бұрылып, оның ішінде отырған қыздың шығуын өтінді. Онысын, болса да ыммен білдірген. Сөйлей алмасада қыз Айдынбектің не айтқалы тұрғаның қимыл-қозғалысынан-ақ сезетін. Мұндай сезімтал адамды Айдынбек өмірінде бұл кезге дейін кезіктірген емес. Көп жылдар бойы бірге тұрып келе жатқан Раушанның өзіде өзін дәл осы қыздай терең түсіне алған емес. Жан дүниесіне терең ене бермейтін. Ал Сәуленің ой-сезімінде шек жоқ. Айдынбекті ол тарта түсетін.
Раушан Сәулені жылы қарсы алды. Алмасқа шарасы да жоқеді. Қаншама қарақат көздер қадалып тұр өзіне. Біраққолын ұстамады. Оныңқолыныңсуықекенін ол осыныңалдында ғана Қазақ Ғылым академиясында алғаш жолыққанда ұстап білген. Сондықтан да ондай сыйластыққа бармады. Бірақ жоғары мәдениеттанытуғатырысып, оныңалдынатүсіп,жол көрсетіп, Айдынбекті қатарына алып, тепкішекпен жоғары қарай көтерілді. Қызды әкелген көлік сыртта қалды, ондағы қарауыл жігіттер бұлармен бірге ішке енген. Көріш- қоландардыңда бірсыпырасы бар. Бірақ олардың ешқаисысы да жоғары көтерілген жоқ. Алғашқы қабатта жақсы ниеттерін білдіріп қала берген. Айданбек олардын кейбірінің сұрақтарына ерінбестен қысқа-қысқа жауап беріп ішке енген. Бұл кезде Раушан мен Сәуле кең бөлмедегі ұзын да жұмсақ диванның үстінде қатар отыр еді. Қарауыл жігіттер болса да есік жақта әскери адамдарша сақадай сай тұр. Айдынбек жігіттерге рахмет айтты. Олар онымен қол қысып қоштасты да, қайта бұрылып сыртқа қарай кеткен. Айдынбек келіп отыра берген кезде қыз ширақ түрегеп, жеке креслоға жайғасты. Содан соң барып қана ол «Қайда келдім мен» дегендей айналасына, төбе түсына, қабырғаны түтастай алып түрған үй океанариумына таңдана көзтастады. Содан сон Айдынбек пен Раушан қызды ерте жүріп, бүкіл бөлмелерді аралап шықты. Ерлі-зайыптылар қыздың жатын бөлмесін де көрсетті. Одан кейін танысу мен түсінісу асханада автоматтар дайындаған дәмге отыру мен өз жалғасын тапты.
Алғашқы оңашалықта Бірінші түнді Сәуле үйқысыз өткізді. Өзінің туып өскен ортасынақарағанда мейлінше қарабайыр, қарапайым көрінген мына пәтер көңілін құлазытып та жібергендей болды. Жатқан төсеп қанша жұмсақ, қанша кең жайлы да, ыңғайлы болса да аунақшып-деңбекшіп шыққан. Ұйқысыздық кезінде ол көрші жатын бөлмелеріндегі Айдынбек пен Раушанның әңгімелерін де естіген. Ол әңгімелердің мән-мағынасын дәл болмаса да, жобалап түсінгенмен оған не десін тіл білмеген соң. Әуендетіп бір белгі берейін десе, тек ол екеуі емес бұл үйдегі барлық пәтерлердің тұрғыңдары түн ұйқысынан селт оянбақ. Сәуле үшін мына қараңғы дегендері өзғаламшарындағы ымырттүскен шақпен пара-пареді. Оның үстінедәл төбе тұсқа шінген бірнеше майда шам өлеусіреп жанып тұрды. Оны Айдынбек әдейі жағып қойған. Тастай қараңғылықта Сәуле елегізе ме деген. Өйткені, бұл қыздың бұл пәтердегі алғашқы түні. Қыз ғана емес, бұл түні өздері де ұйқы көрген жоқ. Ұйқылары қашып, көздері ашықжатқан соң әңгіме айтпағанда не айтсын.
Тек ерлі-зайыптылар бөтен қыздың ол әңгімелерін естіп, түйсігімен көп нәрсені сезіп жатқанынан бейхабар еді. Ал Сәуле оның бәрін де сезіп-біліп жатты. Қыз, тіпті, түн мезгілінде төсегінен бір емес, бірнеше реттүрегеп, аяғының ұшымен ғана басып, ерлі-зайыптылар жатқан бөлменің есігіне де жақындаған. Бірақол қанша жақындап тың тыңдаса да толығымен ештемені ұға алмады. Сөйтіп, бір жатып, бір тұрып, бірде тың тыңдап жүріп таңды атырған. Ал таң атқан кезде өздерінің дәстүрлері бойынша сызылта әуендетіп ата-бабаларын еске алулары керек. Ол дәстүрді қай жерде, қандай жерде, қандай жағдайда жүрсе де бұзуға еш хақысы жоқ. Сол есіне келгенде Сәуле ерекше батылданып, күншығыс тұстағы үлкен терезеге жақындады. Содан соңөздерінің рәсімінше әуенің сызылта жөнелді. Кәдімгі қобыз-сыбызғының үнінен аусайшы. Таңғы мезгілде қатты ұйықтап кеткен Айдынбек те Раушан да мұны біраз уақытқа дейін естімей қалған. Сол қатты ұйқы кезінде Айдынбек біршама түстер де көріп үлгерген. Түсінде әлдекім сыбызғы ойнап отыр екен. Оның төңірегіндегі адамдардың бәрі де ұйып тыңдап, бастарын жиі-жиі шүлғуда. Сыбызғы дыбысы уақыт өткен сайын күшейе түсті. Сол мезетте Айдынбек селт оянып кетті. Қараса, көрші бөлмеден там әлгі түсінде көрген сыбызғы дыбысы естіледі. Артынша Раушан да біреу бүйірінен түртіп қалғандай көзін ашып алды. Айдынбек орнынан жаймен түрегеп, қыз жатқан бөлменің есігін ақырын ғана ашып қарады. Бар қызықты да енді көрді. Қыз еденге дейін төгілетін қара маржан шашын жайып жіберіп, екі қолын жоғары тік көтере ұстап, терезеден күншығыс жаққа қарап әуендетіп тұр.
Айдынбек не істерін білмей сол қалпында қатып тұрып қалған. Сол кезде оған Раушан келіп тығылды. Ол ерекше сезіктеніп, қорқып кеткен де сияқты. Қаншадегенменботенадамныңбөтен дыбыс шығарғаны, әлдекімге жалбарынғандай болтаны адамның жүйке тамырына қатты әсер етеді екен. Раушан Айдынбекті қолтықтай ұстаған. Айдынбектің өзі де аса мәз емес, дәл қазір. Қанша батыл, қанша ер болса да оның жүрегі де дүрс-дүрс соғуда. Енді сәлден сон Раушан: «Кімді әкелдік, біз бұл үйге? Бірдемеге ұшырап жүрсе, бар бәлеге де біз қаламыз ғой. «Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме» деп дана қазақбекерден бекер айтқан ба? Енді не істедік? Қайта апарып таста десем, Айдынбек ahұрады-ау. Cayбасымызға сақинатілеп алдық-ау, бұл екі ортада» деп уайым кешіп те үлгерді. Бірақ жанындағы Айдынбекке сыр бермеді. Айдынбек те дәл қазір толқымай қалған жоқ. Өзі келісім берін алған соң не дей қойсын. Түрінің өзгеріп бозаруының өзі де осы кінәсін мойындағанының белгісіндей еді. Раушан оны түсінді. Сондықтан даол артық сөзайтып қалмауғатырысты. Қанша дегенмен де ақылды әйел емес пе? Айдынбек те осындай сәттерде Раушанға іштей ризалық білдіреді.
Қыз әлі де әуендетіп тұр. Ешкімді елер емес. Оған қазір не жағдай болсада бұрылатынжайы жоқ. Сонытүсінген Айдынбек Раушанның шаршау ыстық алақаның қысып ұстады да, кейін қарай тартты. Раушан да онысынтүсініп жаймен басып жүре берген. Аяқтарының ұшыменғана келіптөсектерінеотырды. Екеуінде де әзірге тіл жоқ. Тек бір-біріне жиі-жиі қарап қояды. Айтатын, түсіндіретін де ештеме кқалмағандай. «Қыз жатқан бөлмеге өзі жасырын телекамера орнатып қою керекекен,түн мезгіліндеоныңнендей қылықтаржасайтының түгел түсіріп алатын», - деп бір ойлап қойды ішінен Айдынбек. Сөйтіп ол Раушанға қараған. Осы ойын оқып алғандай Раушан Айдынбекке қарай тығыла түскен.
Екеуі төсек үстіне байланғандай осылайша біраз отырды. Тек содан кейін барып әлгі әуен кілттыйылды. Қыздыңжүріс- түрысы, қимыл-қозғалысы да естілмеді содан кейін. Сол кезде барыпАйдынбек ұйқыдан енді оянған адамдай төсегін сықырлата орнынан түрегеп, батыл басып жуынып-шайынатын бөлмеге енді. Одан соң есігі жартылай ашықтұрған қыз бөлмесіне жақындады. Сол замат мұны күткендей Сәуле да бері қарай жүрген. Екеуі есік табалдырығының екі жағында бетпе-бет кезікті. Қыз Айдынбектің бет-әлпетін, тұла бойын көзімен тез шолып өтті. Содан соң сәл жымиып оң қолын Айдынбекке қарай созды. Айдынбек оның өзіне әуелден белгілі салқын қолын үстады. Біраққыздың қолы бұрынғыдай емес, сәл де болса жылыпты. Айдынбек оған іштей сәл де болса қуанып та қалды. Әншейінде Раушанға елжіресе, мына қызды көрген кезде неге екені белгісіз, Раушан суық тартқандай болады. Қазір шығыс жақтан шартабақ Күн жарқырап көтеріліп келе жатқан мезетте бейтаныс қыздың реңі де ерекше шырайланып кеткен. Ботадай қара көздері де от шашқандай болып түр-ау. Дегенмен шаршағаны да байқалады. Түнімен оны да бір шым-шытырық ойлар мазалаған сияқты. Ғалым онысын айтпай-ақ түсінді. Айдынбек осылайша әлі де қадала қарап тұра берер ме еді, кенет:
Айдынбек, жуынып-шайынып болсаңасханаға кел,дәм дайын! Ана қызды да ерте кел! - деген Раушанның сөзі болді.
Айдынбек сол сәтте бір ұрлық жасаған адамдай селк ете түсті. Қызда әлденеден сезіктенгендей жанарын бұрып әкеткен
Жуынып-шайыныпболғанмын, әлдеқашан. Қазір мына қыз жуынсын. Содан соң барамыз. Тез барамыз, - деді Айдынбек.
Раушан Айдынбек пен Сәулені асханада күтті. Қызжылдам еді. Оныңжуынып-шайынғаны да тез болды. Айдынбекті де, Раушанды да күттірген жоқ. Содан екеуі дастархан басына келген.
Өзі шаршау ғой, түнімен бұл да көз ілмей шыққан ба, қалай өзі? - деді Раушан автомат құйып берген бір кесе шайды қызға ұсына беріп.
Солай сияқты, — деді Айдынбек те кесесін қолына алып алдына қоя бере, - бұл қыз үшін біздің үй қанша дегенмен де бөтен үй емес пе?
Үйренер, енді қайда барып байызтабар дейсің, бұл бейбақ? - деді Раушан сәл сергіп.
Уақыт бәрін де үйретеді, Раушан, - деді енді Айдынбек Раушанның арқасынан оң алақанымен жай ғана қағып, - ол жағын уайымдай бермей алдындағы асыңды іш. Жұмысымызға баратын уақыт та таяп келеді.
Сонда сен күні бойы жұмыста болмақсың ба? - деп елең етті Раушан.
Әрине. Мені бұл қыз үшін академиянын жұмысынан ешкім босата қойған жоқ. Оның үстіне бұл қыз жас бала емес қой?
Ол түсінікті. Сонда сен түсте де келмейсің бе?
Түскі тамаққа келемін. Бірге түстенеміз екеуміз. Сәуле де бізбен бірге тамақтанатын болады. Бұл да адам баласы емес пе, қанша бөтен десекте?
Оның рас. Мен бәрін де түсінемін ғой, Айдынбек. Тек ымдасаң жетіп жатыр емес пе?
Рахмет саған, Раушан. Мен де сені қас-қабағыңнан түсінемін ғой қашан да. Енді тек мына бөтен кісіні ренжітіп алмауға тырысалық.
Ерлі-зайыптылар мен Сәуле тамақ ішіп болған соң асханадан шықты. Айдынбек те, Раушан да қызға өзінің жатын бөлмесінде алаңсыз демала беруіне болатыныныммен білдірді. Қыз басын изеп, өз бөлмесіне кіріп, есігін жауып алды. Раушан жуынып-шайынатын бөлмеге кірді. Айдынбек киім-кешектерін өтектейтін, бәтеңке-туфлилерін шөткелеп тазалайтын автомат жүйелерді іске қосты. Сол замат күл-автоматтар жұмысқа кірісіп-ақ кеткен. Қанша дегенмен де үй ішін дыбыс жайлады. Жаңа ғана тып-тыныш болып тұрған үйдің ішінде қызу тіршілік қайнағандай күй орнады. Айдынбек сәлден сон киіне бастады.Жұмысқа кетер алдында қызды бір көріп алғысы да келді. Бірақ Раушаннан бата алмады. Оныңүстіне жаңа ғана бөлмесіне кірген қызға не дей қойсын. Қыз сонын өзінде де өзі қатаң тәртіпке, уақытпен санасуға әбден қалыптасып кеткендіктен, Айдынбек пен Раушанның мына қипақ жүрістеріне іштей қайран болып отырды бөлмесінде.
Сөйтіп, ерлі-зайыптылар жұмысқа жиналып болды. Айдынбек есік алдына келіп шығуға дайын түреді. Раушан әлденені ұмытқандай қайтадан жуынып-шайынатын бөлмеге енді. Айнаға қарады, шашын қарады, бет-әлпетін бояды. Одан кейін Айдынбек те кіріп шыққан. Екеуінің қипақтары енді бөтен қызға ешқашан да бітпейтіндей көрініп те кетті. Бірақ амалы қанша, шыдады. Есіктен шыға бере Раушан:
Ал, Сәуле, біз кеттік. Қажет жағдайда тез келетін боламыз. Түсте болса да, - деп ол түсінсе де, түсінбесе де осы сөздерін айтып есікті сыртынан сырт жапты.
Пәтер ішінде құлаққа ұрған танадай тыныштық орнадыау әрең дегенде. Қыз жаймен бөлмелерді тағы бір аралап шықты. Содан соң жуынып-шайынатын бөлмеге енген. Онын ішінен қыз ез ортасындағыдан көп төмен денгейде жасалған қарапайым жүйелерді көрді. Олардың қай-қайсысын іске қоса қалса да, дарылдап, ызыңдап, быжылдап жөнеледі. Ондай дыбысты ұнатпаған қыз тез өшіре қояды кайтадан. Содан қыз енді өзін тұла бойымен көрсететін айнаның алдына тұрды. Жуынып-шайынатын бөлменің қызға ұнаған жағы оның мейлінше кең екендігі еді. Ол енсіздеу әдемі, көрнекті кілемнің үстімен жүріп келіп, айнаның алдына тұра қалды. Бірақ аң- таң. Өз еліндегі айнада бет-әлпеті мен тұр-тұрпатын қаз-қалпында көрсететін. Ал мына айнаға қарағанда, сол көзі оң көз, сол қолы он қол, аяқтары мен бүкіл денесі де керісінше болып шыға келді. Кеудесініңсол жағында лүп-лүп соққан жүрегі де айнада оңжаққа көшкен. «Міне, ғажап, қандай қарапайымдылық. Техника деген мұнда қандай қарабайыр? Тіпті, ең қара- пайым деген айнаны да дәл көрсететін етіп жасай алмапты? Бұл кері айна ғой?» деп ішінен өкінді қыз. Біраққайда барады. Барға көнеді. Айна атаулының бәрі де сапарластары бар кемеде кетті. Тек айнасы ма, онда өзінің қаншама қажетті заттары болды. Соның бәрінен де айрылды. «Адам баласы тек қана ілгері дамығанды біледі. Тек жеңілдік жасауды армандайды өзіне. Ал бірақ сол өмірін жеңілдеткен күрделі құралдардың бәрі менің кемеде кеткен заттарымдай жоғалып кетсе, не болмақ? Адам деген пенде онда аяқ астында қолына шоқпар ғана ұстаған жартылай жабайы адамға айналып шыға келеді емес пе?» деп те бір толғады қыз. Бірақөзі әзірге ондай дәрежеге дейін кетпегенін анықсезді. Бұл дадаму. Өздерінен төмен болса да, бәрібір мұнда да адам еңбегін жеңілдететін автоматтар баршылық екен.
Сәуле енді өз сабасына түсіп, айнаға қарап, дене-тұрқын кері айналдырып көрсетсе де, қара маржандай шашын тарады, көз алдының домбығып қалғанын байқады. Тұла бойын түзеді. Сөйтіп өзінше бір мәз болып тұрганда кең бөлмедегі бір дыбыс шығарғыштан:
Сәуле, халіңіз қалай? - деген Раушанның дауысы саңқ етті.
Қыз елен етіп, әлденеден қорыққандай болып жуынып- шайынатын бөлменің есігін сырт ашып, кең залға ыта шықты. Қараса, үй океанариумының дәл үстіңгі тұсында, қабырғада Раушанның үлкен бейнесі пайда болыпты. Ол сәл жымиып қарайды өзіне. Қыз мұндай техникаға таңдана қойған жоқ. Тек сол қарпайым деген техниканың өзін қосып-ажырату үшін де шамалы болса да білім қажет екен. Қыз соны түсінді.
Қыз Раушанға жауап қата алмады. Ботадай көздерін тік қадады да, қолындағы жаңа ғана жуынып-шайнатын бөлмеден алған шағын әйел тарағын ұрлап алғандай ыңғайсызданып, тез бұрылып, ол бөлмеге қайта еніп тарақты өз орнына қоя салып қайта шықты.
Сәуле, мен жай бейнеқоңырау соғып отырмын. Сіздің хал-жағдайыңызды білу үшін ғана. Тарақты да, басқаны да пайдалана беріңіз. Оған ешқандай да шектеу жоқ. Енді бірер сағаттан соң Айдынбек екеуміз үйге барамыз. Айнаға қара, өзіңе ұнаған жұмыстарынды жасай бер, — деп Раушан бейне- байланысты күртсөндірді.
Қыз мән-жайды жақсы түсінді. Сонда да ол енді бөтен заттарды ұстамауға тырысты. Өз бөлмесіне енді де етбеттей жата кетті. Содан көзі ілініпте кетіпті. Дәлізден сықырлаған дыбыс пен дабырлаған сөздерді естіген кезде ғана барып сәл басын көтерді. Келгендердің Айдынбек пен Раушан екенін жаксы білді. Олар түскі тамаққа әдеттегіден ертелеу келген еді. Раушан кірген бойда автомат асханаға ішетін тамақтарын тез әзірлеуге тапсырыс берді. Айдынбек киімдерін ауыстырды. Раушан да үй жамылғысын киген. Тек содан соң жуынып- шайынып асханаға кірген. Айдынбек ештеме демеді. Ол Раушанның бұл кезге дейін үйге бейнетелефон қоңырауын соққа- нынан бейхабар еді. Сәуленің не себепті өз бөлмесінде тыныш жатқанын да дәл қазір байыптай алмады. Содан ол Раушанға:
Ана қызды дәмге шақырмадың ба? - деп қалды.
Сәуле, а, Сәуле, келе ғой, тамақ ішеміз. Бүл - түскі тамақ! - деді Раушан соның артынша.
Сәуле сол замат орнынан тұрып, жауынып-шайынатын бөлмеге тез еніп кетті. Мана бет-әлпетін бояулармен бояп та көрген болатын. Енді оны бетінен кетіругетырысты. Бірақсу тиген соң, бетіне үйкелген соң ол бояулар бет-әлпетіне онан сайын жайыла жағылып кеткен. Сәуле енді бетсүртетін орамалмен үйкеді. Жаңа ғана Жер ғаламшарында тұратын әйел атаулының бәрінің саналарын соншалықты төмен санаған еді. Енді олардың мұндай қылықтарын тіпті, жас баланың қылығынатеңеді. Не істерін білмеді. Тіл білмегеннің қасіретідеген де осы. Тіл білсе, мұның мән-жайын әлде қашан-ақ біліп алған болар еді. Тек Раушанның жаңағы тамаққа шақырған сөзін ғана ұққан. Раушан да бұл түсінсін, түсінбесін, қазақ тілінде сөйлей жөнеледі. Құлағына құя бермек. Мұнысын Айдынбек те қуана қолдайды. Айта берсе, айта берсе, қанша дегенмен де санасы жоғары қыз ұқпай, есінде сақтамай қалмайды. Үйренеді. Бірте-бірте түсінуден сөйлеуге көшеді. Тіл үйретудің ең тамаша жолы да осы.
Раушан екінші рет шақырғанда Сәуле шыдамады. Бетін орамалмен қатты үйкеп-үйкеп сүртіп, айнаға тағы бір қарады да, бөлмеден шығып асханаға қарай бет қойды. Бұл кезде: «Бұл қызға не болды, бірдемеге ұшырады ма, ана бөлме ішінде» деп қорқып асханадан жүгіре, шағын дәлізге шығып үлгерген еді. Екеуі сәл болмағанда бір-бірімен соқтығысып та қала жаздады. Тіл білсе, осы мезетте Сәуле не болғанын түсіндіре жөнелер ме еді, тағы да тіл білмегеннің зардабы алдынан шықты. Ештеме дей алмады. Раушан ғана сөйлеп келеді.
Біз казір жұмысқа қайтадан кетеміз. Сағат екіде сонда болуымыз керек. Түсінесің бе, сіңілім? Бізбен бірге тамақтанып ал. Содан соң кешке дейін жалғыз қаласың мына қаңыраған бос үйде? Бір өзіңтамақта іше алмассың.
Сәуле үндемеді. Оның есесіне ол Раушанның ашылып- жабылған аузына, жыбырлаған еріндеріне, солеріндеріне таңертен жаққан бояуына қадала қараумен тұрды. Раушан осылай тез-тез сөйлеймін деп, жұмысқа асығамын деп Сәуленін бетіндегі бояу айғызына назар да аудармапты. Тек айтар сөзін айтып болып, асханаға кірген кезде ғана:
Мына қыз нежағып алғанбетіне? Меніңбетбояуларым ғой. Саналы деп жүрген қызымыз осы ма, жас баладан да жаман ғой мынауың? - деп біресе Айдынбекке, біресе Сәулеге қарады.
Мейман емес пе? Бөтен ел емес, жер емес, мүлдем басқа ғаламшар тұрғындарының өкілі? Не кінә тақпақсың бұл қызға? Енді өзі де түсінген болар. Қайталай да қоймас, қателігін, - деді Айдынбек жай ғана сабырлы үнмен.
Немене, бұл қыз енді қайталамайтының саған айтты ма? - деді Раушан оған ежірейе қарап.
Айтпаса да түрі мен жүзінен ап-анық білініп түрған жоқ па? Жарайды, Сәулені келмей жатып ренжітіп алмайық. Бұл қыздыренжітугеболмайтының өзіңдежақсы білесіңғой, Раушан!
Неге ренжітуге болмайды, немене бұлар бізден әулие санала ма, сонда?
Қойшы енді, Раушан. Қатты ашуланғанда бұл қыздың бойынан жоғары жиілікті тоқ бөлінетінің ұмыттың ба? Мен саған оны өткенде құпия ескертіп едім ғой!
Иә, ескерткенсің. Оны білемін. Бірақ тоқдеген жалғыз бұл қыздың бойында ма екен?
Мұныңжайы бөлек, Раушан. Сен дұрыстүсін. Бойында кәдімгі үлкен шамды жаға алатын тоғы болатын ерекше балықтардың бар екенін жақсы білесің ғой?
Сен мені мұкияттыңдашы, Раушан. Бұлар кезіндесу астында ұзак өмір сүрген адамдар. Мұны да айтып едім ғой саған? Не болды бүгін? Сабыр ет енді. Жұмысқа баратын уақытымыз да таяпқалды.
Жарайды, — деді Раушан, — қалған әңгімемізді кешке келген сон жалғастырармыз. Сәуле, кел, мына жерге отырыптамағынды іше ғой. Бет-әлпетінді содан соң да түзерсің. Саған мұнда күлетін ешкім де жоқ, - деді.
Сәуле «бәрін түсіндім» дегендей басын сәл ғана изеп, Раушан көрсеткен орынға отырды. Артынша автомат аспазшы оған дайындалған тағамды Раушан арқылы ұсынды. Бірақ әлі де болса екеуіне бойын үйрете алмай жалтақ-жалтақ қарайды. Айдынбек оның бұл ыңғайсызданған жағдайын түсініп, оған қарамауға тырысып, тамағын ішуге кірісіп кетті. Қыз тамақтан алды. Қашан жас қыз тамағын ішіп болғанша жұмысқа баратын уақыт қысып келе жатса да сағатына қарамады. Оны сезген Раушан тыпыршып кетті. Тек ол да үндемей ішінен тынды. Бірақ Раушан қыздың тамақ жегенін қадағалап, оған жиі-жиі сөйлеп отырды. Қыз шайдан да ұрттаған. Сол кезде барып Айдынбек Раушан мен Сәуледен кешірім өтініп, орнынан жаймен түрегеп, жуынып-шайынатын бөлмеге кетті. Қыз тамақтанып болған соң Раушан оған:
Біз келгенше, осы үйде онаша боласың манағыдай. Тамақ ішкің келсе, мына-мына түймелерді басасың. Зеріксен, ана кең бөлмедегі бүкіл қабырға бойын алып тұрған үй океанариумындағы су асты тіршілігін тамашала. Артық нәрсені іске қосушы болма. Қажет деп тапсаң, ана стереотеледидарда қазақ тілін жедел оқытатын бағдарлама да бар. Соны қосуыңа болады, - деп мән-жайды толығымен түсіндірді де, өзі жұмысқа жиналды. Асхананың автомат аспаздарына дастарқанды жинауға, ыдыс-аяқтарды жуып-шаюға тапсырыс берді. Сол замат асхана іші өзінше бір бөлек тіршілікке көшкендей күйге ауысты. Табақ-аяқтарды жинайтын автомат қолдар ширақ қозғалып, оларды жуып-шаятын орынға қарай алып кетті. Екінші бір қолдар тап адамның өзіндей дастархан үстін еппен ғана сүртіп алып тұр. Қым-қуыт қозғалыс. Асхананың ішінде олай да, былай да зыр жүгіріп жүрген биоробот та ерекше көзге түседі. Раушан сол қозғалысқа мәз болып, одан бір терең ләззат алғандай болып, екі қолын екі бүйіріне таяп тұрып қалған. Ал Сәуле үнсіз. Ол үшін бұл автомат дегенің жай бір қарапайым нәрсе ғана сияқты. Бейтаныс қыз автоматтан гөрі Раушанның өзінің мінез-құлықтарын қызығырақ көретін де тәрізді. Егер бұл тұста Сәуле өзіне тән ерекше қабілетін көрсетсе, онда Раушан тіпті де таңырқап тұрар еді. Бірақ Сәуле өзіжана келе салып, ерлі-зайыптылардың арасына алаңдаушылық сезім тастағанды да, оларды жұмыстан кешіктіруді де жөн санамады. Еңдұрысы — үндемеу. Бұл қасиетСәуленіңбойына