Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тақырыптар: М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз.
Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлеледеп жазыңыз.
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыңыз.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп жазыңыз.
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Ахметтің арасындағы махаббат сезіміне бөгет болған қиыншылықтарды талдап жазыңыз.
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тәрбие мәселесін қазіргі кездегі отбасындағы тәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз.
Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында Арал теңізі экологиясының ел тағдырымен сабақтастығын дәлелдеп жазыңыз.
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.
Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.
С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.
Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы сипаттап жазыңыз.
«Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлеледер арқылы жеткізіп жазыңыз.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп жазыңыз.
Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз.
Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз.
А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.