19
Бұл масса денелердiң тартылыс ӛрiстерiн қоздыру және тартылыс
ӛзгерiстерiнiң әсерiн сезiну қабiлетiн сипаттайды. Сонда бұл қандай масса? Дәл
ӛлшеулердiң нәтижесiнде инерттiк масса гравитациялық массаға тең екенi
анықталды. Сондықтан оларды ерекше бӛлудiң қажетi жоқ.
Денелердiң бiр-бiрiмен тартылу күшi материяның ерекше бiр түрi
гравитациялық ӛрiс арқылы берiледi. Гравитациялық ӛрiстi сандық сипаттау
үшiн гравитациялық ӛрiстiң кернеулігі деп аталатын шама енгiзiлген. Ӛлшем
бірлігі
.
.
Гравитациялық ӛрiстiң кернеулiгi осы ӛрiсте орналасқан бiрлiк массалы
денеге әсер ететiн күшке тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: