Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім



бет210/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   626
248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

      1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе:

      1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті заңды тұлғаның тұрақты мекемесі, құрылымдық бөлімшесі арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған;

      2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған;

      3) банктік кредит (қарыз) шарттары бойынша және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуға байланысты және осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады.

      2. Мыналарды:

      1) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға бермеген;

      2) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға берген;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғадан өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша талап ету құқығын сатып алуды;

      4) банктік кредит (қарыз) шарттары бойынша және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімі негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуды жүзеге асырған тұлғада күмәнді талаптар шегерімге жатады.

      3. Мыналарда:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшерде;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын және тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшердегі сома мен өзі бойынша басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны арасындағы оң айырма мөлшерінде;

      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ осы Кодекстің 233-бабына сәйкес бұрын танылған кірістің талап ету құқығын сатып алу құнына ұлғайтылған мөлшерінен аспайтын мөлшерде;

      4) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында айқындалған тұлғада – осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында айқындалған кіріс ретінде танылған сомалар мөлшерінде күмәндi талаптар шегерiмге жатады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәндi талаптар:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тұлғаларда:

      кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      лизинг шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      қалған жағдайларда:

      өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

      өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету бойынша тауарлар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап;

      2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғаларда:

      кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      лизинг шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      қалған жағдайларда – мына күндердің:

      өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннің;

      өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету құқығы басқаға берілген күннің ішінде ең кеш болатын күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерiмге жатады.

      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәндi талаптар соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енген салықтық кезеңде шегерiмге жатады.

      6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәнді талаптар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерімге жатады.

      7. Осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған:

      1) басқа банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;

      2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;

      3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;

      4) жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.

      8. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

      1) талаптардың туындауын растайтын құжаттар болған;

      2) талаптар шегерімдерге жатқызу кезінде бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген не осындай талаптар алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепке алуда шығыстарға жатқызылған кезде жүргізіледі.

      9. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 8-тармағында көрсетiлген құжаттардан бөлек, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымының көшiрмесi болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет