Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері



бет211/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   626
249-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері

      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есепке жазылған шығыстарды:

      1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);

      3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);

      4) осы Кодекстің 250-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстарды;

      5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдерді;

      6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты өзге шығыстарын шегерімге жатқызуға құқылы.

      2. Осы баптың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

      3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген, өздері бойынша сақтандыру жарналары түріндегі кірістер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де танылатын жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ш х (А/Б), мұнда:

      Ш – есепті салықтық кезеңде төленуге жататын (төленген) шығыстар;

      А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

      Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

      2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) түріндегі кіріс сомасынан аспауға тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет