Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
– Шырағым, енді əке орнына сен əке боласың. Мына 
иесіз үйді кімге тастайсың. Қой, оқу дегенді айтпа. Жүр 
ғой сендей елдің баласы, əліпті таяқ деп білмей-ақ күн 
көріп жүр. Құдайға шүкір, олардың қасында сен ағып 
тұрған молда емеспісің...
Ол кезде мендей оқуы бар адам некен-саяқ. Лезде 
жұмыс та табылды. Ауылда мұғалім болып қала 
бердім. Ол бір мұғалімнің қадірлі кезі еді. Ауыл болып 
мені алақанына салып, басына көтереді. Шешемнің 
бақытында шек жоқ: баласы ең құрметті адам 
болғанына қуанғаннан шалының қасында жоқ екенін 
де ұмытып кетті. Інілерім, қарындастарым үсті-басы 
бүтінделіп, аузы аққа жарыды. Қарасам, төрт құбылам 
түгел сияқты.
Бірақ мен жан-жағым жалаңаш, ызғырық желдің 
өтінде тұрған сияқтымын. Өзім мұнда, есіл-дертім 
алыста, Орал тауда. Мен жоқта Энже ауруынан 
жазылып, оқуына қайта оралған сияқты. Енді оның 
жанында шикіл сары Ибрагим отырған сияқты. Адам 
сағыныштан сандалғанда не болса соған жалбарынғыш: 
Энжеге күннен де, айдан да, жұлдыздан да, жерден де, 
құстан да сəлем айтамын. Ал өзім жете алмаймын, кете 
алмаймын. Ауруханаға хат жазып едім, жауап болмады. 
Сірə, хат арқылы да жұқпалы ауру тарап кететін болуы 
керек. Ибрагимге хат жіберіп едім, о да үндемеді. 
Оқудың бастығынан да жұбаныш хабар болмады.
Менің сүйретіліп сүлдем ғана жүргенін байқаған 
ағайын əлденені сезіп, ақсақал-қарасақалды ақылдасып, 
мені үйлендірмек болды. Ары-бері шатқаяқтап көріп 
едім, айналайын ағайын тізеге салып басып жіберді. 
Содан сол жеңгеңмен, өзің білесің, елу жылдай бірге 
өмір кештік. Оның дүниеден қайтқанына да он шақты 


113
Сүдігерде изен ызыңдайды
жыл болып қалды. Энже алғашқы бір-екі жыл есімнен 
кетпей, елеңдетіп, күндіз ойдан, түнде түстен шықпай 
жүрді де, ақыры ұмытыла берді. Тек оқта-текте жүректі 
бір шаншулатып, бір күрсіндіріп кететіні болмаса, 
бұрынғыдай жан қинағанды қойып, əдемі бір көрген 
түстей елеске айналған...
* * *
Күн сəскеден өтіп, түске таяп, қызуы асқына 
бастаған екен. Дермене, жалбыз аңқыған шөмеледен 
шекшектің, шегірткенің əні жиілей берді. Жабайы 
алмаға үймелеген аралар ызыңдайды. Қызыл-жасыл 
көбелектер көлбеңдейді. Осындайда Ғабдол Слановтың:
Қызыл-жасыл, теңбіл көк,
Дүние деген көбелек.
Соны қуып келемін
Маңдайдан терім себелеп, – деген өлеңі еске түседі.
– ...Содан осы бір жыл бұрын ба екен, «Қазақ 
əдебиетінде» əңгімем шықты. Ол елден жырақта туып-
өскен бір дəрігер қазақ қызының есейгенде ата жұртын 
іздеп келгені туралы болатын. Оқыдың ба, жоқ па, 
білмеймін...
– Оқыдым, оқыдым, – деп асыға бас изедім. Әңгіме 
арқауы үзіліп қалмаса екен деймін.
– І-і-і, – деп Сағын аға менің ықыласыма риза 
болғандай маған бір қарап алды да, маңайды шолып:
– Безобразие, түс болып қалыпты ғой. Қой, қайтайық. 
Әңгімені қысқартып тоқ етерін айтқанда былай. Әлгі 
«Қазақ əдебиетінде» əңгімем жарияланғаннан кейін, 
шамада, бір айдан соң бір хат алайын.
Конвертіне қарасам: «Қазан» дейді. «От Ихсановой 
Э.» дегені тағы бар. Хат редакцияның адресіне келіпті 


114
Сүдігерде изен ызыңдайды
де, ондағы жігіттер маған табыстады. Түк түсінсем 
бұйырмасын. Қазанда қандай танысым бар? Неде болса, 
деп конвертті ашайын...
Саған өтірік, маған шын, сексенге келген адамның 
елжіреп, ағыл-тегіл сезім билеп, сол сезімнің селіне 
шыдай алмай еңкілдеп жылағаны қиын екен. Баяғы 
Энже! Фамилиясы Ихсанова екені есімде жоқ. Сөйтсе, 
бұл «Қазақ əдебиетін» Қазандағы туғандар да жаздырып 
алады екен. Менің əңгімем басылған нөмір əлдеқалай 
Энженің қолына тиген.
«Сіз сол Сағын Рахметовсіз бе, əлде аттас-фамилиялас 
басқа біреусіз бе, білмеймін. Әйтеуір, үміт дүниесімен 
жазып отырмын. Құдайдан сол Сағын Рахметов 
болғай деп тілеймін. Өйткені сіздің жер бетінде тірі 
жүргеніңіздің өзі маған үлкен медет болар еді. Арада 
жүз жыл өтсе де, неге екенін білмеймін, осындай 
тілек тілегім келеді. Сіз болсаңыз да, болмасаңыз да, 
Сағын Рахметов деген есімнің өзі маған сонау-сонау 
алыста қалған, қаһар соғып, қиындықпен өткен, бірақ 
аса қымбатты жастық шақты еске түсірді. Мен сияқты 
жалғызілік қарт кісіге жаннаттай жастықшақты еске 
алудың өзі кəдімгідей нəсіп. Есіңізде ме, Сағын (егер 
сол Сағын болсаңыз), сіз бек ұнататын «Ғалия-Бануда»:
«Ақ атласым жетпеді,
Күміс қайшым өтпеді.
Он бес жастан ғашық болған,
Ғалия-Бану сұлуым, еркем,
Құдайым нəсіп етпеді, – 
деуші еді ғой, сол айтқандай, тағдыр-жазмыш бізді 
бір-бірімізге нəсіп етпесе де, сол бір сүйікті балғын 
шақты еске алудың өзі маған зор байлық. Сонан соң 
алыста бұлдырап қалған жиырма екінші жылдан бері 


115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет