5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс № 1
Бұзылған экожүйені қалпына келтіру пәні, мақсаты экология ғылымы ретінде қалыптасуының қысқаша тарихы
«Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген 1866 ж Э. Геккель.Экология гректің-ойкос –үй ,тұрақ, мекен-жай логос – ғылым деген сөзінен шыққан. Экология тірі ағзаның бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортамен, мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.Экология –ағзалардың (особтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.
Экология ғылымының ең басты мақсаты-биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып ,табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының зерттеу нысаны-биологиялық және географиялық микро және макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы).
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселесі
-ағзаның бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
-биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
-табиғат ресурстары ,оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
-адам, қоғам, табиғат арасындағы байланыстырды реттеу;
-биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
-биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық -нооэкологиялық деңгейге көтеру;
-көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру;
-экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады,
2. Экология ғылымының өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады.
Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөледі;
Достарыңызбен бөлісу: |