Табиғи-антропогендік жүйелер және олардың жіктелуі
Агроэкожүйе дегеніміз – адамның сапалы қызметімен жоспарланып, жасалған территориялар.
Дұрыс жоспарланған экожүйелерге егістік танаптары, жайылым немесе шалғындық және мал шаруашылық кешендері жатады. Өсімдіктердің топырақтан өніммен бірге алып кететін қоректік элементтері биологиялық зат алмасу жүйесіне органикалық және минералдық тыңайтқыштар түрінде қайтарылады.
Жоғары биологиялық алуантүрлілік ландшафты пар жүйесі арқылы ұстап тұрады (танаптарды, шалғындық, ормандарды, ауыстырып тұру, орман белдеуін, су қоймасын жасау және т.б.
Ауыл шаруашылық әрекетінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану минералдық тыңайтқыштарды шектен тыс қолдану топырақты жаппай жырту және т.б.
Бұлар экожүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына , құрамының қарапайымдылығына , тұрақсыздыққа және табиғаттағы апатты өзгерістерге алып келеді.
Сондықтан қазір ауылшаруашылығының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстану қажет.
Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің сапасы нашар. Қазақстанның барлық жерінің (275,5 млн) 222,3 млн, га ауыл шаруашылығына лайық
жерлер болса, оның 35,6млн, га егістікке, 186 млн. га табиғи жайылымдарды құрайды. Қазақстанның көп жерлері су және жел эрозиясына ұшыраған. Мұндай жерлер қазірдің өзінде 87,6млн. га болса, оның 22,1 млн .га егістік жерлер алып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |