Дәріс №4
Табиғи және антропогендік экожүйе.
Биосфераның табиғи жүйесінің классификациялануы ландшафттық негізде құрылады. Табиғи экожүйелер табиғи географиялық ландшафттың бір бөлігі. Олар жердің географиялық қабығын құрайды. Сонымен қатар экожүйе жер қабатында биогеосфераны түзеді. Табиғи экожүйе тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі
Ландшафт табиғи географиялық кешен. Оның құрамында бүкіл негізгі компоненттер (рельеф, литосфераның жоғарғы горизонты, климат, су, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі) бір бірімен күрделі байланысты, бір жүйеде дамитын біртекті жүйе құрады.
Шығу тегі бойынша ландшафтты екі типке бөледі: табиғи және антропогендік.
Табиғи ландшафт табиғи факторлар әсерінен түзіледі.
Антропогендік ландшафт шаруашылық іс әрекетінен қайта түзілген бұрынғы табиғи ландшафт қатты өзгерген, әсіресе оның табиғи компоненттермен байланысы да өзгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |