Дәріс №8
Қорықтар − табиғат лабораториялары. Экологиялық каркас және ауданды экологиялық жоспарлау.
Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы- қорықтар ұйымдастыру. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң –құс атып , балық аулау ,шөп шабу, мал жаю, ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар ,қорықтарда улы химикаттарды шашуға , басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бұл жерлердегі экологиялық процестер адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу-Жабағылы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барсакелмес» (1939), «Қорғалжын» (1968), «Марқакөл» (1976) , Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.
Қазақстан Республикасының қорықтарында табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндет тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап , оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. ҚР-34-35 миллион га егін егуге ,бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар.
ҚР –ның территориясында 21қорық ұйымдастыру қажет деген ғылыми қорытындыға келді. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.
Екінші-далалық аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады.
Үшінші-шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері-Үстірттің Батыс тік жарлы қыраттары.
Достарыңызбен бөлісу: |